Наразылықтағы кеншілер саны мыңға жақындады

12.12.2017

Кеншілер “Арселор Миттал Теміртау” басшылығына бірнеше талап қойып отыр. Олардың ең бастылары – жалақыны 100 пайызға өсіру, зейнеткерлікке 50 жастан шығару, ауырып қалған кездегі жалақысын толық көлемде төлеу. Жұмысшылар сонымен қатар құрал-жабдықтардың ескіргенін айтып, шахталардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және әлеуметтік төлемдер мәселесін қозғады.

Бүгін желіде кеншілердің талабын қолдаған металургтардың «Жақтау» кәсіподағының үндеу шықты. Олар әріптестерінің талабын толық қолдайтынын жеткізуде.

Соңғы ақпарат бойынша, қазір барлық шахтада жұмыс тоқтаған. Кеншілердің жанұясы шахталарға ыстық тамақ алып келіп, қолдау көрсетуде.

Кеше кешке бастамашыл топ құрылып, келіссз басталды деген ақпарат тараған. Бүгін блогер Андрей Цуканов кеншілерге сүйеніп, “Арселор Миттал Теміртау” жұмысшыларға жалақыны 50 пайызға көтеруге ұсыныс жасағанын жазды. Бірақ, кеншілер бұл ұсыныстан бас тартып, өздерінің алғашқы талаптарында қалатындарын.


Добавить комментарий