• Басты
  • >
  • Әлнұр Ильяшевке сот үкімі шықты

Әлнұр Ильяшевке сот үкімі шықты

22.06.2020

Сот азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшевті үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Судья Залина Махарадзе Әлнұр Ильяшевті 274 бап (көрнеу жалған ақпарат тарату) бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу және  жаза мерзімі аяқталғанға дейін жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасын тағайындауға үкім етті.

Бұдан бөлек, Әлнұр Ильяшев жаза мерзімі аяқталғанға дейін пробациялық бақылауда болады. Сонымен бірге бес жылға дейін қоғамдық және саяси жұмыстармен айналыса алмайды.

Билікті сынап жүрген азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев “Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты” деген күдікпен 17 сәуірде ұсталып, екі айға қамалған болатын. Бұған дейін полиция өкілдері “күдікті жұртшылықты әдейі жаңылыстырып, полицейлер талабына құлақ аспады”, “өзі жариялаған ақпаратты сот талап етсе де терістемеді” деп мәлімдеген.

Осыған дейін халықаралық ұйымдар және жергілікті құқық қорғаушылар биліктен белсенді Әлнұр Ильяшевті босатуды талап еткен.


Сондай-ақ қараңыз