• Басты
  • >
  • Азаптауға жол жоқ па әлде кейде бола ма? Қысқаша онлайн зерттеуге қатысуға шақырамыз

Азаптауға жол жоқ па әлде кейде бола ма? Қысқаша онлайн зерттеуге қатысуға шақырамыз

23.12.2022

Қазақстандағы халықаралық адам құқықтары бюросы мен Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясы Азаматтық ынтымақтастық платформасының азаптауға қарсы жұмыс тобымен бірлесіп «Зорлық-зомбылық пен азаптау туралы не ойлайсыз?» атты зерттеу жүргізуде.

Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде Қазақстандағы азаптаулардың ауқымды толқыны азаптау мен қатыгездік тақырыбын мүлде басқа деңгейге көтеріп, бұл құзырлы орган қызметкерлерінің немесе тіпті құзырлы органдардың мәселесі емес екенін,  бүкіл мемлекет пен қоғамның мәселесі екенін көрсетті.

Бұл зерттеу қоғамның азаптау мен қатыгездік тәжірибесіне деген көзқарасын бағалайтын бірінші және әзірге жалғыз зерттеу болып табылады және қоғамның өзі бұл құбылыстан біржола құтылу үшін өзінің қаншалықты қажет екенін көруге мүмкіндік береді. Ал мүмкін сіз  уақыт әлі келмеген шығар және біз өзіміз мемлекет атынан форма киген адамдардың белгілі бір жағдайларда заң мен адами моральдан асып кетуге құқығы бар деп келісеміз бе?

Тексерейік.

Сауалнама әдістемесін «Қоғамдық сот» қорының мамандары Әдістемелік зертхананың социологтарымен бірлесіп әзірледі. Сауалнаманың дизайны өзгермейді: ол құжатталған істерді сауалнама сұрақтарына аударуға негізделген. Бұл зерттеу ТМД-ның төрт елінде – Беларусь, Молдова, Қазақстан және Қырғызстанда жүргізілуде.

Барлық сауалнама он минуттан аспайды. Сіздің белсенді атсалысуыңызды күтеміз.

ЗЕРТТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН СІЛТЕМЕГЕ (ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СҰРАҚТАР) ӨТУ КЕРЕК:

https://survey5.opinion.team/02/r061222kz/cgi-bin/ciwweb.pl?studyname=r061222kz&id=VALUE

Азаматтық ынтымақтастық платформасы, Қазақстандағы халықаралық адам құқықтары бюросы, Азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясы


Сондай-ақ қараңыз