АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы

Сот және іс

02.02.2021

АҚмЗСЖҚХБ сот процесі жөнінде қысқаша ақпарат.

28.11.2020 ж АҚмЗСЖҚХБ салық заңын бұзғандығы жөнінде 2 ескерту хат алды. 30.11.2020 және 01.12.2020 ж. АҚмЗСЖҚХБ техникалық қателіктері бар 4 есеп форманың түзетілген нұсқасын жіберді.

02.12.2020 ж Алматы қаласы Әуезов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы 460-1 бабы әкімшіліктік заң бұзушылық бойынша 4 хаттама толтырды. 07.12.2020 ж. АҚмЗСЖҚХБ 4 хаттама бойынша да қарсылық білдірді.

09.12.2020 г. АҚмЗСЖҚХБ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 62 бабына сәйкес, мерзімі өтіп кетуіне байланысты 4 хаттама бойынша қозғалған істі тоқтатуды сұрап шағымданды. Себебі 460-1 бап салық заңнамасын бұзу болып табылмайды.

10.12.2020 ж. АҚмЗСЖҚХБ шағымы қабылданбады. Мемлекеттік кірістер басқармасы заң бұзушылық әкімшілік істі қарау барысында тексерілетінін алға тартты.

14.12.2020 ж. АҚмЗСЖҚХБ Алматы қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына шағымданды. 21.12.2020 ж. 4 шағымда қабылданбады деген жауап алды.

28.12.2021 ж. АҚмЗСЖҚХБ ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне шағымданды. 30.12.2020 ж. ол істі мемлекеттік кірістер департаментінің қарауына қайта жіберді.

15.01.2021 ж. Іс Мемлекеттік кірістер департаментінде қаралып, АҚмЗСЖҚХБ шағымы қабылданбады.

18.01.2021 ж. АҚмЗСЖҚХБ МКД мен МКБ-ның шешімдеріне байланысты сотқа шағымданды. Сот отырысы 01.02.2021 ж. белгіленген.

25.01.2021 ж. МКБ АҚмЗСЖҚХБ қатысты әкімшілік іс қаралды. Адвокат сот отырысы өтетін болғандықтан, істі тоқтатуды сұрады. Бірақ оның өтініші қабылданбады. Себебі заң істі қарай беруге рұқсат береді. АҚмЗСЖҚХБ жауапқа тартудың мерзімі өтіп кетуіне байланысты тағы да шағым түсірді. Бірақ оның қабылданбайтыны туралы ауызша ескерту жасалып, оның шешімде көрсетілетіні айтылды. Бірақ оның ешқайсысы орындалған жоқ. Оның орнына 800 АЕК көлемінде айыппұл және 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін жұмысын тоқтату туралы шешім шығарылды

Шешім әлі күшіне енген жоқ. Сол себепті біз ертең және оның арғы күні Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті мен сотқа шағымданамыз.

Бірақ бұл шешімдерде жазаға тарудың мерзімі өтіп кеткендігіне байланысты МКБ мен МКД жауапқа тарту жөнінде ешқандай жауап берілмеген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 741 бабы бойынша, жауапқа тарту мерзімі өтіп кеткен болса, іс тоқтатылуы тиіс.  

01.02.2021 ж сот прецесінің алдында МКБ мен МКД шағымға қатысты қарсылықтарын жіберді. Онда МКД: «МКБ қараған жоқ десе», МКБ: «мерзімі өтті ме, жоқ па, біз ол кезде қараған жоқпыз» деді. АҚмЗСЖҚХБ шағымы шағымдану мерзіміне байланысты, ал қарсылық сол уақытта істің қаралмауына байланысты.  

Жазаға тартудың мерзімі өтіп кетуіне байланысты 2020 жылдың қазанында шығарылған Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мен Аламты қалалық сотының шешімі бар. Оның үш нұсқасы бар:

1.Салық төлеудегі заң бұзушылықтардың бес жыл уақыты өтіп кетсе

2.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62 бабында жазаға тару мерзіміне байланысты арнайы жолдар бар.

3. Барлық заң бұзушылықтарға байланысты оның бұзылған күнінен бастап жарлы мерзімі 2 ай. 460-1 бап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 16 бөлімінде емес, 27 бөлімінде жазылған. Және 62 бапта арнайы жазылмаған. Сол себепті біз жазаға тарту мерзімі – 2 ай болғандықтан, барлық ҮЕҰ жазадан босатылуы тиіс деп есептейміз.

01.02.2021 жылы өткен сот процесі барысында, біз осының барлығын аргумент ретінде келтірдік. Соудья дұрыс сұрақтар қойып, нақтылауды сұрағанымен, ақыр соңында шағымды қабылдамай тастады.

Үш күннің ішінде біз жазбаша шешімді аламыз. Ол әлі күшіне енбегендіктен, біздің 10 күннің ішінде қайта шағымдануымызға болады.