Ақтөбелік фермер чаттағы хабарламасы үшін 15 тәулікке қамалды
  • Басты
  • >
  • Ақтөбелік фермер чаттағы хабарламасы үшін 15 тәулікке қамалды

Ақтөбелік фермер чаттағы хабарламасы үшін 15 тәулікке қамалды

16.11.2026

Ақтөбе облысында фермер Марлен Баймағамбетов фермерлердің ортақ чатында жазғанхабарламасы үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы «Время» газеті хабарлады.

500-ден астам адам мүшесі бар чатта Баймағамбетов әріптестерін бас қосып, дизель отыныбағасының қымбаттауы мен ауыл шаруашылығындағы өзге де мәселелерді талқылауға шақырған.

Алайда сот оның бұл әрекетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру тәртібін бұзу деп бағалаған.Белгілі болғандай, мұндай кездесуді өткізу үшін алдын ала әкімдікке хабарлау қажет екен.

Фермердің өзі митинг өткізуді жоспарламағанын мәлімдеген. Оның айтуынша, ол тек шаруалардың мәселесіне назар аудартқысы келген. Оның үстіне, кейін сол чатта әріптестерінен жиналмауды дасұраған. Алайда сот бұл уәждерге құлақ аспаған. Нәтижесінде фермер 15 тәулікке әкімшілікқамауға алынды.

Жанармай бағасының қымбаттауына қатысты мәселелер бойынша Баймағамбетов өз ұстанымын әлеуметтік желілерде жариялап үлгерген.

Мемлекеттік органдар мен саяси партияларға жолдаған үндеуінде ол тамыздан қарашаға дейін дизель отынының әр литрі ай сайын бірнеше теңгеге қымбаттағанын айтқан.

Сонымен қатар, фермердің айтуынша, көрші елден арзан астықтың көптеп келуіне байланысты жергілікті шаруалар өз өнімін тиімді бағамен өткізе алмай отыр.

Баймағамбетовтің пікірінше, соның салдарынан фермерлер астықты делдалдарға төмен бағамен сатуға мәжбүр. Бұл келесі маусымда жерді егіске дайындауға және ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражаттың тапшылығына әкеледі.

Әзірге фермердің үндеуіне тек ауыл шаруашылығы басқармасы жауап берген. Басқарма өңірлік оператордың дизель отынының бағасын негізсіз көтермейтінін мәлімдеген. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған жеңілдетілген жанармайдың түпкілікті бағасы зауыттағы жанармайды босату құнына қарай өзгеріп отырады.

Мәселен, күзгі дала жұмыстарына арналған дизель отынының Атырау мұнай өңдеу зауытындағы босату бағасы қыркүйекте тоннасына 307,4 мың теңге, қазанда 314,5 мың теңге, ал қарашада 319,3мың теңге болған.

Фермердің қорғаушылары сот шешіміне шағым түсірмек.

ФОТО: “Время” газетесi