• Басты
  • >
  • «Кинодағыдай» терминдері ғана емес

«Кинодағыдай» терминдері ғана емес

30.09.2024

«Заңның атымен!», Нельсон Мандела ережелері және Миранда ережелері – бұлардың жалпы Қазақстанға қатысы бар ма? Осы туралы да біз қазақстандық құқық қорғаушыларға арналған адам құқықтары жөніндегі курстың құрастырушысы және оқу құралының авторы – Қуат Рахимбердин мырзамен сөйлесетін боламыз.

Канада елшілігінің Канадалық Жергілікті бастамалар қорының қолдауымен Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы (АҚҚХБ) құқық қорғаушыларға арналған адам құқықтары туралы әдістемелік оқу құралы мен адам құқықтары жайында курсты құрастыру аясында біз АҚҚХБ директоры орынбасарының және Қазақстанның Азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының үйлестірушісі Роза Ақылбекованың көз қарасын  айтып өткен болатынбыз. Енді осы оқу құралының авторы және курсты құрастырушы Қуат Рахимбердин мырзаның өзіне мән берейік.

Сонымен – Рахимбердин Қуат Хажумуханович, заң ғылымдарының докторы, криминолог ғалым, АҚҚХБ Шығыс Қазақстандық филиалының директоры, Қазақстан Республикасы ішкі органдарының қызметі бойынша қоғамдық кеңестің мүшесі, және басқа да лауазымдарды иеленеді.

ЛондОн мен Париждің ең мықты үйлеріндегідей болады (ең жақсы жағдай жасалады)?

– Қуат Хажумуканович, ішкі істер органдарында білім беру тақырыбы сізге жақын екеніне сенімдімін. Осы болашақ не болмаса қазіргі әлеуетті орган (құқық қорғаушы) қызметкерлеріне арналған адам құқықтарын сақтауға қатысты оқу құралы (басқа да авторлардікі болсын) саны жағынан нешінші екенін еске түсіре аласыз ба?

Ішкі органдарындағы білім беру тақырыбы, шынымен, маған өте жақын. Егер, құқық қорғау органдарының болашақ немесе қазіргі қызметкерлеріне арналған адам құқықтарын сақтауға бағытталған оқу құралдарының саны туралы айтатын болсақ, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 30 жыл ғылыми-педагогикалық қызметім және құқық қорғау саласында істеген 25 жыл ішінде санауға қиынға соғады. Менің ойымша, оннан аса оқу құралдары мен әдістемелік материалдар шығарылды. Мен бұрын көбінесе Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету қызметімен айналыстым, алайда соңғы жылдары полиция органдарын оқытуға көбірек көңіл бөлетін болдым («Қаңтар» қайғылы оқиғаларынан кейін). Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап мен ҚР ІІМ Қостанайдағы академиясымен бірге осы бағытта белсенді түрде қызмет жасап келе жатқанымды айтып өткім келеді, ол жерде мен Құрметті профессормын.

– Сіз Ішкі істер органдарының жұмысы бойынша республикалық кеңестің мүшесісіз, яғни қалай болғанда да «ішкі құрылымын» білесіз: стандарттар нәтижесіз, пайда әкелмейді деген ой туындамайды ма, әлде біздің полиция қандай да бір халықаралық стандарттарға сүйеніп бастады ма (оптимист болайық!) немесе белсендірек сүйеніп жүр ме?

Иә, расымен, мен Қазақстан Республикасының Ішкі органдарының қоғамдық кеңесінің мүшесімін және онда Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының, дәл сол сияқты Қазақстанның Азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының мүдделеріне өкілдік етемін. Осы ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесі — азаматтық қоғамның елдегі ең ірі әлеуетті ведомтсволардың бірімен диалог жасауда маңызды да тиімді платформа. ІІМ қазіргі басшысы Ержан Саденов мырзаның және жаңа басқарушы команданың жетекшілігімен Қазақстанның ішкі органдары жүйесін реформалау бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтейін.  Бұл шашамен 200 мың адамды құрайтын ІІМ қызметкерлерінің санын ескерсек, ұзақ және күрделі процесс.

Дегенмен, ҚР ІІМ ұстанымы анық: ішік істер органдары қызметкерлерінің жұмысы адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға және әлемдегі ең озық тәжірибелерге негізделуі тиіс. Осы тұрғыдан ең басым бағыттардың бірі полиция және қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерін оқыту және біліктіліктерін арттыру болып табылады. Ол үшін барлық мүмкін ресурстар қолданылуда, соның ішінде құқық қорғау ұйымдарын процеске белсенді тарту жүзеге асырылуда. Біздің жобаның көп жылдан бері іске асырылуы осындай тәсілдің тиімді екенін көрсетеді.

Мандела мен Миранда Қазақстан далаларында

– Нельсон Мандела ережелері, Миранда ережелері – бұл біздің өмірімізге сай емес, бір кино болып естіледі. Әлде, дегенмен де біздің өмірімізде кездесе ме?

Сұрағыңызға рақмет. Осы сұраққа жауап беру үшін, Уинстон Черчиллдің танымал сөзін еске түсіргім келеді: «Демократия — қалған барлығын санамағанда, ең нашар басқару түрі». Бұл, сондай-ақ, БҰҰ адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарына да қатысты. Қолданылуы қиын болуына қарамастан, бұл стандарттар бүкіл әлем бойынша құқық қорғау органдарының ғылыми ойы мен тәжірибелік қызметінің ең үздік жетістіктері болып қалады.

БҰҰ 2015 жылы қабылданған, тұтқындарға қарауға қатысты ең төменгі стандартты ережелері (Нельсон Мандела Ережелері), іс жүзінде Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесін стратегиялық дамытуда, әсіресе азаптау мен қатыгез іс-әрекетті болдырмау мәселелерінде маңызды рөл атқарады. Осы ережелер тұтқындарға адамгершілікпен қараудың негізгі қағидаларын анықтайды, және бұл қазақстандық жазаны орындау жүйесінде стандарттарды арттыру үшін аса маңызды. ҚР ІІМ Қостанай академиясында БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (дәл осылай аталады) қолдауымен Нельсон Мандела ережелерін оқып зерттеу бойынша ғылыми орталық құрылғанын және Қазақстанның ҚАЖ алты мыңнан аса қызметкерлері БҰҰ осы халықаралық стандарты бойынша онлайн курсынан өткенін оқырмандарға мәлімдегім келеді.

Қамауға алынған тұлғалардың құқықтарын қорғайтын Миранда ережелері – Қазақстанда адамды тұтқынға алған кезде құқықтары мен бостандықтарын қорғауда тағы бір маңызды құрал. Олар адамға өз құқықтары жайында және өз айыбын ашуға қарсы кепілдіктері туралы ақпарат алудың негізгі құқығын қамтамасыз етеді.

Алайда, алға жылжытатын қадамдардың бірі – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің осы халықаралық стандарттарды біліп жүруі ғана емес, сондай-ақ оларды тәжірибе қолдана алуы болып табылады. Көп жағдайда, бұл қиынға соғады, және біздің әлеуетті ведомстволардың қызметкерлеріміз өздерінің күнделікті жұмысына бұл стандартты тиімді енгізе ала бермейді. Дегенмен де, қызметкерлерді оқытуға және біліктіліктерін арттыруға күш-жігерді жұмсау жалғасып келеді, және бұл болашақта жағдайды жақсаратынына үміт береді.

БҰҰ халықаралық стандарттары «кинодағыдай» деген терминдер ғана емес, Қазақстанның құқық қорғау органдарының күнделікті қызметінің шынайы бір бөлігі болғанын қалар едім.

– «Ішкі істер органдары туралы» ҚР заңының 19-бабында адамды тұтқынға алғанда «заңның атымен!» деген сөз айтылуы керек, әйтпесе бұл негізсіз тұтқындау болып саналады деген ереже бар екені есімде. Алайда, тәжірибеде мен бір рет те мұндайды көрмедім және осы туралы естіген бір де бір адамды білмеймін. Ал қазір Мандела, Миранда… Өзіңіз «заңның атымен» дегенді осы күнге дейін естіп көрдіңіз бе?

Сіз дұрыс айтасыз. Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» заңының 19-бабында шынымен де, тұтқындаған кезде «заңның атымен» деген сөздер айтылу керектігі көзделген. Ресми түрде бұл талап полиция қызметкерлерінің әрекеттері заңды болуын және негізсіз тұтқындауды болдырмауға бағытталған. Алайда, тәжірибеде көріп отырғанымыздай, осы аспекті жиі орындалмайды, және шын өмірде, тұтқынға алған кезде осы сөздер айтылатын жағдайларды өте сирек кездестіреміз, тіпті мүлде көрмедік.

Мұндай тұжырымдама, күнделікті өмірге қарағанда, қағаз жүзінде жиі орын алады. Көп азаматтарға, бәлкім, осы ереже қолданылмады, тіпті ол туралы білмеген де болар. Бұл, әрине, адам құқықтарын сақтауға және құқық қорғау органдарының жұмысында ресми рәсімдерді орындауға қатысты сұрақтарды тудыртады.

Нельсон Мандела ережелері немесе Миранда ережелері сияқты халықаралық стандарттарды талқылаған кезде, біз әлеуетті ведомство қызметкерлерінің әрекеттерін бағыттайтын және адам құқықтарын қорғауға қатысты қағидалар туралы айтамыз. Алайда, оларды тәжірибеде қолдану қызметкерлерді оқытуда ұзақ уақытты, маңызды жұмыс атқаруды және осы нормалардың сақталуын қатаң бақылауды талап етеді.

Ал «заңның атымен» деген сөздерге қатысты айтатын болсақ, оларды тек ресми түрде қолданып қоймай, тұтқынға алған кездегі процестің шынайы бір бөлігі ету керек. Осылайша құқық қорғау органдарының әрекеттері заңды екенін және құқықтық нормаларды қатаң сақтауы керектігін көрсету қажет.

– Осы мәселе сіздің оқу құралыңызда қамтыла ма?

Иә, бұл мәселе менің оқыту және әдістемелік материалдарымда айтылған. Тұтқынған алған кезде құқықтық рәсімдерді сақтау мәселесі, соның ішінде «заңның атымен» сөзін қолдану құқық қорғау органдары қызметкерлері әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз ету тұрғысынан өте маңызды. Бұл талап ресмилік емес, адам құқықтарына және заңдылыққа деген құрметтің маңызды бөлігі болып қабылдануы керек.

Осы ережені оқу құралына енгізу ішкі істер органдары қызметкерлеріне күнделікті жұмыстарында құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы ескертуге көмектеседі. Сонымен қатар, азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттыруға және халықаралық стандарттарды сақтауды жақсартуға себеп болады.

Әйтсе де, танымал «Миранда Ережесі» Қазақстанда сот тергеу тәжірибесінде әлі кеңінен және тиімді қолданыла қоймағанын айтуға тура келеді. Адам қылмыстық құқық бұзушылық күдігі бойынша тұтқынға алынды деп елестетейік. Ол абыржып, жабырқап қалды, тіпті психологиялық шокқа түсті. Киімінде қан іздері бар деп қылмыс құрбанын да қателесіп күдікті ретінде қамауға алуы мүмкін ғой, себебі оның денесінде қылмыс оқиғасын көрсететін анық белгілер бар. ҚР ҚІЖК сәйкес тергеуші тұтқындалған адамның туыстарының біреуіне тұтқынға алынғаны туралы мәлімдеу керек. Бірақ, күдіктінің өзіне жақындарына немесе, бар болса, қорғаушысына хабарласу мүмкіндігін беру керектігі туралы ештеңе айтылмаған. «Миранда ережесі» дәл осы жағдайға арналған, бірақ, өкінішке орай, қазақстандық қорғаушы, әрі кетсе, күдіктінің туыстары немесе қылмысты тергеу органының тергеушісі шақырған кезде ғана, яғни кеш келеді.

ГУЛАГ жоқ, алайда мұрасы әлі де бар

– Сіздің болашақ авторлық жұмысыңыздан біз білмеуіміз мүмкін тағы қандай жаңалықтарды күтсек болады? Немесе, кем дегенде, болашақ құқық қорғаушылар білмейтін?

Адам құқықтары жөніндегі жаңа әдістемелік оқу құралына құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған міндетті түрде жаңа материал кіреді. Біз Қазақстандағы полиция қызметінің өзекті ақиқатын көрсететін заманауи инновациялық тәсілдер мен тәжірибелік міндеттерге сүйенеміз. Құқықтық тәртіп органдары қызметкерлерінің күнделікті жұмысында адам құқықтарын қолдануға ерекше көңіл аударылатын болады. Теориялық негізге қоса, тыңдаушылар жағдаяттық тапсырмаларды орындайтын болады. Бұл адам құқықтары қағидаларын тереңірек түсінуге және оларды полиция жұмысының күрделі де серпінді жағдайларында қолдануға мүмкіндік береді.

Ал, оқу құралынан бөлек тағы басқа бірдеңе дайындалып жатыр ма? Көңіл үшін немесе ұрпақ үшін …

Негізінде, ғылыммен айналысатын кез келген адамның осындай жоспарлары болады. Осы жақында ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмысымды аяқтағанымды оқырмандарға хабарлағым келеді. Ол Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесінің өркениетті даму мәселелеріне және әлі де сақталып келе жатқан «ГУЛАГтік мұра» сипаттарынан шығуға бағытталған. Құрметті оқырмандарға қазақ даласында көшпенді өркениет жағдайындағы қылмыстық жазалар туралы, Ресей империясының Қазақстандағы пенитенциарлық мекемелері туралы, ГУЛАГтың жазалау механизмдерін құру туралы, ондағы қиын жағдайларға тек кеңестік партия элита өкілдері ғана емес, сондай-ақ қарапайым халық та түскені туралы білу қызықты болады деп ойлаймын.

Кітапта, сондай-ақ, Қазақстан мемлекетінің егемендік алған сәтіндегі қылмыстық атқару жүйесінің жағдайы туралы, осы жүйе жаңғырту қиындықтары мен қарама-қайшылықтары туралы, сотталғандардың санының өзгеру туралы және елдегі пенитенциарлық жүйеде ГУЛАГ элементтерінің бүгінгі күнге дейін сақталғаны туралы оқып білуге болады. Автордың бақылап, талдауына тура келген ҚАЖ реформалаудағы Грузияның тәжірибесі оқырмандардың қызығушылығын тудыруы мүмкін. Менің жұмысымның басты леймотиві ГУЛАГтың қайталанбау керектігінде жатыр.

Осы жақында ғана «Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару заңнамасындағы кемшіліктерді және қайшылықтарды (коллизияларды) жою механизмінде Нельсон Мандела Ережелерін қолдану рөлі» тақырыбында монографияны дайындап, жариялағанымды да айтқым келеді. Монография Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару заңы жүйесінде адам құқықтары саласында халықаралық стандарттарды қолдануды зерттеуге арналған. Жұмыс БҰҰ дайындаған Нельсон Мандела Ережелерінің (Тұтқындарға көрсетілетін іс-әрекеттің ең төменгі стандартты ережелері) ұлттық заңнамаға және тәжірибеге әсер етуі мен маңызын талдайды. Қылмыстық жазаларды орындау барысында туындайтын құқықтық қайшылықтарды шешуге және заңнамадағы қателерді жою мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Жұмыс Қазақстанның қылмыстық атқару заңнамасының тарихи-құқықтық даму аспектілерін кешенді зерттеуді, қазіргі жағдайын талдауды және шешілуі тиіс басты мәселелерді анықтауды қамтиды. Зерттеу жұмысында автор ұлттық заңнаманың халықаралық стандарттармен үйлесімділікте болу қажеттілігін негіздейді, Нельсон Мандела Ережелерінің жеке жағдайларын сәтті қолдану мысалдарын келтіреді, сонымен қатар заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін жақсарту бойынша нақты ұсыныстарды айтып өтеді.

Қорыта келе, сіз, басқасымен қатар, «азаматтық» ЖОО-ның оқытушысысыз және полиция академиялары курсанттарын оқыту шаралары кезінде сабақ беру тәжірибеңіз де бар. Осы екі білім беру орындарындағы оқушылар арасында басты айырмашылықтар бар ма?

Жастар – қай жерде оқитынына қарамастан — азаматтық ЖОО ма немесе полиция академиясы ма, үнемі белсенді, қызыққұмар, ынталы болады. ҚР ІІМ академияларының көбінде оқуға түсу конкурсы өте жоғары, яғни бұл курсанттарды шындап оқуға қосымша ынталандырады. Сондықтан, көбінесе, айтарлықтай айырмашылығы жоқ: екеуі де дамуға ұмтылады.

Құрметті Куат Хажумуханович, сұхбат бергеніңіз үшін рахмет айтқым келеді. Жұмыстарыңыздың жарық көруін күтеміз.

Сізбен және сіздің оқырмандарыңызбен осылай тілдесуге мүмкіндік берген құрметті редакцияға алғысымды білдіремін.