АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Қазақстандағы COVID-19-ға қарсы шаралардың адам құқығына әсері

Қазақстандағы COVID-19-ға қарсы шаралардың адам құқығына әсері

05.08.2020

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік пен Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы жариялаған ресми құжатта Қазақстанда 2020 жылдың наурыз айының ортасы мен маусым айының ортасы аралығында COVID-19 пандемиясына қарсы қабылданған негізгі шешімдер көрсетілген. 

Пандемияға қарсы Қазақстан 2020 жылдың 16-шы наурызынан бастап төтенше жағдай енгізіп, азаматтардың еркін жүріп-тұруына шектеу қойды. Мемлекеттік шекара мен қалаларға кіріп-шығатын жолдар жабылды. Қала аумағында автокөлікпен және жаяу жүру шектелді. Билік COVID-19 індетін жұқтырған тұрғындары бар үйлерді бұғаттады. Салдарынан азаматтар екі апта бойы үйлерінен шыға алмады. Карантин шаралары маусымның басында алынып тасталып, шілденің 5-інен бастап қайтадан енгізілді

COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстандағы жағдайды сараптау барысында біз келесі оқиғаларды құжатқа түсірдік:

Төтенше жағдай кезінде билік заңдарға бірқатар өзгерістер енгізді. Олардың кейбірі елдегі құқық қорғау жұмысына кері әсерін тигізді. Мамыр айында президент жергілікті азаматтық қоғам өкілдері мен халықаралық ұйымдар тарапынан қатаң сынға ұшыраған «бейбіт жиындар туралы» заңға қол қойды. Ал жала жабу бабының Қылмыстық Кодекстен Әкімшілік Кодекске ауысуы жағымда бастамалардың бірі болды.

Сөз бостандығы: Көптеген азаматтар биліктің пандемиямен күрес әрекеттеріне байланысты ойларын айтқаны үшін қудалауға ұшырады. Атап айтқанда, қоғам қайраткері Әлнұр Ильяшев өз ойын айтқаны үшін бас бостандығын шектеу және қоғамдық-саяси жұмыстармен айналысуына тыйым салу жазасына кесілді.

Бірлестіктер бостандығы: Осы уақыт аралығында Қазақстанда еркін бірігу құқығы өрескел бұзылды. Бірінші кезекте, 2020 жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан сотының тіркелмеген оппозициялық қозғалыс «Көше партиясын» экстремистік ұйым деп танып, оған тыйым салуы алаңдаушылық тудырады. Қозғалысты қолдаған көптеген азаматтар ұйымға тыйым салынбай тұрып жауапқа тартылған.

Полиция қызметкерлерінің карантин кезінде қалалар жабылып, жүріп-тұруға шектеу қойылған уақытта үйсіз-күйсіз азаматтарға қатыгездік көрсетіп, тиісті қолдау жасамағаны жөнінде ақпараттар тарады.

Биліктің карантин кезінде азаматтар мен кәсіпорындарды қолдау мақсатында аздаған қаржылай қолдау жасағанын жағымды бастама деп бағалауға болады. Осы уақытта әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне қаржылай көмек пен тегін азық-түлік берілді.

Азаматтық қоғам өкілдері билікті пандемия уақытында түзету мекемелерінде жазасын өтеушілерді тиісті дәрежеде корновирус індетінен қорғай алмай отыр деп сынады.

Қазақстандағы білім жүйесі пандемия кезінде енгізілген төтенше жағдайға байланысты бірқатар қиындықтарға тап болды. Себебі мектептер мен университеттер жабылып, оқушылар мен студенттер наурыздан бастап, жазғы демалысқа дайын қашықтан оқу режиміне ауыстырылды.

Карантин кезінде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары көбейді. Пандемия уақытында дағдарыс орталықтары көмек көрсету мен жұмыс істеуін жалғастырса да, зорлық-зомбылық құрбандары жүріп-тұру шектеулеріне байланысты көмекке жету мәселесінде кедергілерге тап болды.

Ақпараттың қазақ тідіндегі PDF нұсқасы мына жерде: