• Басты
  • >
  • Сот түрмеде соққыға жығылған Жұмағұловтың өтінішін қанағаттандырмады

Сот түрмеде соққыға жығылған Жұмағұловтың өтінішін қанағаттандырмады

27.04.2021

Қапшағай қалалық соты саяси тұтқын Алмат Жұмағұловтың мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Белсенді сот пен прокурорға кеше түрмеде болған жағдайды (түрмеге әскер кіргізілген), өзінің соққыға жығылғаны жөнінде айтқанымен, оған олар мән бермеген.

Кеше Алмат Жұмағұлов жазасын өтеп жатқан Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/14 түзету мекемесіне әскер кіргізіліп, тінту жүргізіліп, белсендінің соққыға жығалғаны жөнінде ақпарат тараған.

Алмат Жұмағұлов 2018 жылы «Жиһадшылар ісі» бойынша 8 жылға сотталған. Оған «терроризмді насихаттау», «ұлтаралық араздық қоздырды» деген айыптар тағылған.

Құқық қорғаушылар Алмат Жұмағұловтың саяси көзқарасына байланысты қудаланғанды деп атап, оны саяси тұтқын деп атаған. Еуропарламент 2021 жылдың ақпанындағы қарарында Нұр-Сұлтанды «саяси тұтқындарды» босатуға шақырған. Оның ішінде Алмат Жұмағұловтың да атын атаған.


Сондай-ақ қараңыз