АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Қазақстанды паналаған қарақалпақ белсенділері қудаланып жатыр

Қазақстанды паналаған қарақалпақ белсенділері қудаланып жатыр

14.09.2022

Қазақстанды паналаған Қарақалпақстанның екі азаматтық белсендісін Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұрлап алып кетті деген ақпарат тарады.

«Біз Қазақстанның Алматы қаласында тұратын белсенділерден ақпарат алдық. Олар 13 қыркүйек күні таңғы сағат 24:00 шамасында Қарақалпақстанның «Азатлық» партиясының жетекшісі Жанкелді Жақсымбетовтің (1969 ж.) азаматтық киім киген бірнеше адамды өзі жалдап тұрған пәтерінен алып кеткені туралы хабарлады. Дәл қазір Жанкелді Жақсымбетовтың қайда екені бізге беймәлім. Белсенділердің айтуынша, оны Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі ұрлап кеткен», – делінген Бюроға келген ақпаратта.

Сол күні сағат 22.00 шамасында Қазақстан, Алматы қаласы, Шаңырақ 1 ықшам ауданында болған  блогер әрі диссидент Қошқарбай Төремұратовты да (1975 ж.т.) қамауға алып, үйінен алып кетті. Ғалия есімді әйелінің айтуынша, түнде екі азаматтық киімді жігіт есік қағады. Олар Қошқарбайға сізге сұрақтар бар деп алып кетеді. Сосын жібереді. Оның артынан Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің қызметкері, полиция подполковнигі Николай Бабаниязов келіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 244/1 бабы «Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамға қатер төндіретін материалдарды дайындау, тарату және көрсету» бойынша айып тағылғанын және Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 159-бабы «Өзбекстан Республикасының конституциялық құрылысына қол сұғу» бойынша айып тағылғанын айтады.

Сөйтіп, Өзбекстан билігі Қарақалпақстан белсенділерін құқық қорғау қызметі үшін Қазақстанда қудалауда. Қошқарбай Төремұратовқа қатысты бұл алғашқы жағдай емес. Өзбекстанның өтініші бойынша ол Қазақстанда бірнеше рет ұсталған. Ол 2014 жылдың желтоқсан айында Қарақалпақстанға анасын жерлеуге бара жатқанда қамауға алынған. 2017 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Бостандыққа шыққан соң Қазақстанға кеткен ол Қазақстан азаматына үйленген, соңғы 12 жылдан бері Қазақстанда отбасымен тұрып жатыр. Кәмелетке толмаған екі баласы бар. Тәуелсіз блогер ретінде Варшавада өтетін ЕҚЫҰ-ға жиынына өтініш берген. Сондықтан, ол ЕҚЫҰ-ға қатысуына байланысты қамауға алынуы мүмкін. Ол тәуелсіз блогер ретінде Қарақалпақстан Республикасында өзбек әскерилерінің бейбіт шерушілерге оқ атқаны туралы презентациялар мен видеоматериалдар жасағысы келген.

Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің Қарақалпақстанның азаматтық белсенділерін ұрлауы бірінші рет емес.

Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің қызметкері подполковник Николай Бабаниязов осындай қудалау ісімен бұрыннан айналысады. Ол Қарақалпақстанда көптеген құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділердің ұсталуына және азапталуына жетекшілік еткен және қатысқан. Нұрлепесовтердің әкесі мен баласы, азаматтық белсенділер Сағындық Нұрымбетов және басқа да белсенділер бостандыққа шыққаннан кейін олар өздерін Николай Бабаниязовтың ұрып-соғып, азаптағанын растаған.

Жоғарыдағы ақпаратты таратқан Қарақалпақстан белсенділері ҚР президенті Қ.Тоқаевқа жоғарыда аталған, азаматтық көзқарасы үшін Қазақстан аумағында Өзбекстан күштік құрылымдары тарапынан қуғынға ұшыраған азаматтарға араша түсуді сұрап, үндеу жасады. Сонымен қатар, барлық халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдарынан көмек сұрайтындарын жазған.