АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Евгений ЖОВТИС: «Кәзіргі заманғы әлемдегі демократияның, құқық үстемдігі мен адам құқықтарының төрт “жауы” бар»

Евгений ЖОВТИС: «Кәзіргі заманғы әлемдегі демократияның, құқық үстемдігі мен адам құқықтарының төрт “жауы” бар»

22.07.2022

Қазақстан халықаралық адам құқытары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросының директоры Евгений Жовтистің OSCE SHDM III PRE-EVENT «The OSCE at the Turning Point: Impulses from Civil Society for reshaping the Human Dimension»-да  сөйлеген сөзінің тезистері

Ханымдар мен мырзалар!

Украинадағы соғыс адам қайғысы, ондаған мың өлім, қираған қалалар мен ауылдар және инфрақұрылымнан бөлек, Европа Кеңесінің қауіпсіздік ұйымы, соңғы жиырма жылға жуық уақыт ішінде,  тап болған проблемалардың кристалдану нүктесіне айналды.

Естеріңізге сала кетсем, 1975 жылы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесі (СБСЕ) құрылды, яғни, қауіпсіздік, экономика мен экология және адами өлшемдер, былайша айтсақ, демократиялық керектерді, заңның үстемдігі мен адам құқылары туралы талқылайтын диалогтық алаң пайда болды.  Әрине, үшінші «қоржындағы» міндеттер бойынша Совет Одағы  ештеңе де бітірмейтіні белгілі болған, оның үстіне ол мәселелерді талқылау оларға керек те емес еді. Ол мемлекеттің ыдырап кетуінің арқасында диалог алаңы бес жылдың ішінде ұйымға айналып, ОБСЕ құрылымдары мен оның сараптау потенциалын пайдалана отырып, өзара жауапкершілікті орындауды міндет санайтын институционалды түрде дамыды. Сол кездері, Мәскеу және Копенгаген кеңестерінде демократияны дамыту, әділ сайлау, құқық үстемдігі және басқа да салаларды айтпағанның өзінде, адам құқығының белгілі территориямен шектелмейтін принципін бекіткен біршама маңызды құжаттар қабылданды.

Алайда, Молдовадағы және бұрынғы Югославиядағы қақтығыстар бұл механизмнің тиімділігі турасында кейбір проблемалардың бар екенін көрсетіп берді. Ал, 90-шы жылдардың соңына таман бұрынғы Совет Одағының құрамынан шыққан бірқатар елдер Хельсинки келісімдерінің үшінші «қоржынындағы» талаптарды орындауды қайтадан  міндетті емес санай бастағаны байқалды.  Ең алдымен, бұл жағдай Ресейге, Беларуске, Әзербайжанға және,  Қырғызстанан басқа, Орта Азия мемлекеттеріне қатысты.

Сөйтіп, демократияны дамыту, құқық үстемдігі және адам құқықтары саласында ОБСЕ қайтадан СБСЕ-ге, яғни,салиқалы ұйымнан қайтадан, еш нәтиже бермейтін, диалог алаңына  айнала бастады. Өйткені, демократиялық мемлекеттер мен Түрікменстан сияқты тотолитарлы жүйедегі және мен жоғарыда атап өткен авторитарлы жүйедегі мемлекеттер арасында бұл мәселелер төңірегінде диалог құру мүмкін емес.

Қандай да болмасын бір нәрсеге қатысты келісімге келетін шешімдерді бұғаттап тастап отыратынына және ОБСЕ-нің жұмысы,  жалпы алғанда, біздің аймақта тиімсіз екеніне 2002 жылы Түрікменстанда, 2005 жылы Әндіжанда және 2011 жылы Жаңаөзендегі,  Қазақстандағы биылғы  оқиғалар кезінде  өзіміздің де көзіміз жетті.

2008 жылғы Ресейдің Грузияға жасаған әскери басқыншылығы, Қырымның аннексиясы мен 2014 жылы Донбасқа басып кіргені, тіпті, Хельсинки келісімдерінің бірінші «қоржыны» да ешқандай келісімді қамтамасыз ете алмайтынын көрсетіп берді. Оның үстіне, Украинадағы соғыс мәселенің тек Европаның, яғни, тек бір аймақтың ғана емес, бүкіл әлемдегі қауіпсіздікке қатысты екенін,  ОБСЕ-нің тиімсіздігін БҰҰ-ының немесе оның Қауіпсіздік Кеңесінің тиімсіздігінен бөліп қарауға болмайтынын көрсетіп берді.

Укранина жеріндегі соғыс Орта Азия елдерінің қауіпсіздігіне де қатер төндіріп тұр, өйткені, Қазақстан  да Меморандумға қол қойған ядролық қарудан бас тартқан мемлекеттердің бірі ретінде ешқандай да қауіпсіздік кепілі болмайтынын түсініп отыр. .                      

Мен 2000-ші жылдары кәзіргі заманғы әлемдегі демократияның, құқық үстемдігі мен адам құқықтарының төрт «жауы» бар: газ, мұнай, терроризмге қарсы күрес (болмаса оның қалай жүргізілетіні) және геосаяси түсінік дегентезисті ұсынған болатынмын. Бұл «жаулар», әсіресе, дамушы елдерде байқалып, тіпті, дамыған демократиялық мемлекеттерде де көрініп қалып жатыр. Украинадағы соғыс, ОБСЕ құрылымы бойынша да, проблеманы талқылау әдісі бойынша да, әдетте екі «қоржын» азаматтық қоғамның аса бір қатысуынсыз талқыланып келсе де, Хельсинки келісімінің барлық «қоржындары» өзара байланысты, бірақ кәзір экономика мен экология саласындағы ынтымақтастыққа қатысты екінші «қоржын» да постсоветтік кеңістіктегі бірқатар мемлекеттер үшін іс жүзінде пайдасыз қалып отыр.

Міне, осындай жағдай ОБСЕ-нің, дәлірек айтсақ, оның мүшелері – демократиялық мемлекеттер үшін шешімі қиын мәселенің бар екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, түрлі аймақтардағы азаматтық қоғамның, құқық қорғаушы ұйымдар мен құқық қорғаушылардың мүддесі тұрғысынан қарасақ: демократияны дамыту, құқық үстемдігі, адам құқыларының сақталуы және азаматтық қоғам кеңістігінің кеңейе түсуі. Оның үстіне, HDIM алаңын қоса алғанда, ОБСЕ-нің түрлі алаңдарында көптеп талқыланғанына қарамастан, аймақтағы елдерде бұл мәселелерге қатысты ешқандай да жағымды өзгерістер бола қойған жоқ. Біз әлі де саяси оппозицияның, құқық қорғаушылар мен тәуелсіз журналистердің түрлі деңгейде қудалауға ұшырап жатқанын, азаматтық қоғам иен тәуелсіз БАҚ-қа қажет кеңістіктің тарыла түскенін көріп отырмыз. Одан бөлек, аймақтағы кейбір елдерде билік мұрагерге өтіп жатса, кейбірінде элитаның ішкі тартысының нәтижесінде ауысып жатыр. Қазақстан мен Өзбекстанда билік транзиті үшін, мысалы, әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік жайлаған әлеуметтік жағдайдың шиеленісе түскеніне қарамастан, мүмкін болар трансформация мен реформаның ыңғайына қарай,  әйтеуір бір кеңістік құрады, тіпті, Қазақстандағы қаңтар оқиғасы көрсеткендей, халықтың санасына түрткі салады.

Осы тұрғыда, ОБСЕ адами өлшемдер саласындағы міндеттерді жүзеге асыруға қатысты пікір айтуға мүмкіндік беретін шамалы алаңдардың бірі болып саналатын Орта Азия елдеріндегі азаматтық қоғам үшін де жағдай қиындай түсті. Айтпақшы, аймақтағы елдердің төртеуі, қатарына Үндістан қосылғанға дейін, қателеспесем, мүшелігінде бір де бір демократиялық ел  жоқ, әлемдегі жалғыз аймақтық ұйым болып саналған Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі болып келеді.

Бізді мазалайтын бір нәрсе, ол соңғы жылдары, бұл аймақ Евразиялық болғанына қарамастан, халықаралық деңгейде Орта Азия мемлекеттерін, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен қатар, азиаттық контексте қарай бастағаны. Бұл аймақ ОБСЕ-ге мүшелігі факторына сай, болжамдағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық архитектурасының бөлігі ретінде Европаға тән. Оның үстіне, мысалы,  біздің Қазақстанның территориясының бір бөлігі Европада жатыр және Европа Кеңесінің Венеция комиссиясының және Европа футбол асстциациясының мүшесі болып келеді. Бұл европалық та, азиялық та емес, евразиялық аймақ, оның өркениет таңдауы да соған бйаланысты. Сондай-ақ, басқа да посткеңестік елдер сынды, бұл аймақта да декоммунизация мен десоветизация кезеңдері өткен жоқ, содан барып,  Украинадағы соғысқа қатысты пікірі конспирологиямен уланғанын көрсетті, қоғам  алданып, арбауға түсті және насихат жұмыстары сол сарында жүрді. 

Айта кететін тағы бір нәрсе. Біз азаматтық қоғам ролі туралы айтқанда, мынандай бір фактіні ескеруіміз керек. БҰҰ, ОБСЕ-ге және басқа да әлемдік, аймақтық ұйымдарға  қатысты біз «халықаралық» деген сөзді қолданамыз. Меніңше, бұл соншалықты дұрыс емес. Оларды «үкіметаралық» деп атаған жөн болар деймін. Өйткені, бұл ұйымдарға қатысатын өз сайлаушыларының, яғни, сол елдің халқының мүддесін  арқалап шығатын,  билігі еркін де әділ сайлауда сайланған мемлекеттер ғана болса бір сәрі. Ал, мәселе тотолитарлы және авторитарлы мемлекеттерге келгенде, халықаралық ұйымдарда олар өз еліндегі халқтың емес, тек өзінің, немесе элита мен кландарының мүддесін ғана көздейді.

Сондықтан да, қауіпсіздік, экономика мен экология, адами өлшемдерге қатысты барлық мәселелер талқыланғанда, азаматтық қоғам мүшелерінің белсенді қатысып отырғаны маңызды. Ал олардың қатыстыру барған сайын қиындап барады. Өйткені, ОБСЕ-нің тотолитарлы және авторитарлы мүшелері ГОНГО мен түрлі үкіметшіл ұйымдарды пайдалана отырып, ылғи жаңа  кедергілер тудырады да, оларды қатыстыру процесін қиындатып жіберді.

Азаматтық келісім платформасы соңғы, кем дегенде,  10 жыл ішінде әлі де өзекті болып табылатын, осы саладағы  бірқатар ұсыныстарды көтерген, бірақ Украинадағы соғыс жағдайды шиеленістіріп жіберді де, талаптар да қатая түсті, кейде тіпті, қауіпсіздікке қатысты қандай ұйымдар керек, ондағы шешімдер қалай қабылдануы керек және ол шешімдер қалай жүзеге асырылуы тиіс деген  мәселе ашық қойыла бастады.  Сондықтан, қай алаң болмасын, HDIM де, осы сауалдарға жауап іздеу үшін жұмыс істесе керек.

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.