• Басты
  • >
  • Арон Атабектің қазасына орай қайғырып көңіл айтамыз

Арон Атабектің қазасына орай қайғырып көңіл айтамыз

25.11.2021

Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро ұжымы күрескер ақын, диссидент, қазақтың Шаңырағы үшін өмірін құрбан еткен Арон Атабектің қазасына орай оның отбасына, жақындарына және еліміздің еркін ойлы азаматтарының барлығына қайғыра көңіл айтамыз.

Арон Атабектің өмір жолы өз халқының, қазағының жарқын болашағы үшін күресте өтті. «Қазақтың самурайымен, соңғы демім шыққанша күресте өтемін» деген сөзінде тұрды. Қайсарлықтың, батылдық пен өрліктің символына айналған саяси тұтқынның өмірі мен өліміне әлі де өз тиісті тарихи бағасы беріледі. Оның есімі қазақтың болашағы үшін күрескен ерлердің қатырынан ойып тұрып орын алады. Біз оны қазірден сеніммен айта аламыз.

Арон Атабек бойынша соттың әділетсіз өткені, оның он бес жыл бойы түрмеде азаптау мен қорлауға ұшырағанын, тиісті медициналық және басқа да қажеттілікке қол жеткізе алмағанын біз үнемі айтып та, жазып та келдік. Бүгінгі өлімінің себебі де сол 15 жылда жатқаны біз айтпасақ та түсінікті.

Содан тиісті сабақ шығара алсақ Арон Атабектің құрбаны бекер болмас па еді…

Бақұл болыңыз, Қазақтың Самурайы, біз Сізді ешқашан ұмытпаймыз!


Сондай-ақ қараңыз