• Басты
  • >
  • «Amnesty International» ұйымы Қазақстан билігін Төлесованы босатуға шақырды

«Amnesty International» ұйымы Қазақстан билігін Төлесованы босатуға шақырды

17.06.2020

Халықаралық «Amnesty International» адам құқықтарын қорғау ұйымы Қазақстан билігін қамауда отырған азаматтық белсенді Әсия Төлесованы босатуға шақырды.

16 маусымда жарияланған мәлімдемеде құқық қорғау тобы Төлесованы қамау Қазақстанның адам құқығы саласында алған міндеттемелері мен заңнамасына қайшы келеді деп жазды.

“Әсия Төлесованы қамауда ұстау бұл асыра сілтегендік, оны саяси белсенділігі үшін жазалап отырғанға ұқсайды” делінген мәлімдемеде.

Билік Әсия Төлесованы 6 маусым күнгі наразылық кезінде полицейдің “ар-намысына тиді” және “күш қолданды” деп айыптаған. 10 маусымда Алматы қаласының тергеу соты Төлесованы 10 күнге қамады. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

9 маусымда құқық қорғаушылар, азаматтық қоғам өкілдері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, Төлесованы босатуға шақырды. Олар сонымен бірге соңғы бірнеше жыл ішінде бейбіт жиын кезіндегі полицияның әрекетін тәуелсіз зерттеуді сұрады.

Өткен аптада Human Rights Watch ұйымы да Төлесованы босатуды, оның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға шақырған.


Сондай-ақ қараңыз