• Басты
  • >
  • 2022 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстандағы қаңтар оқиғаларына байланысты Азаптауларға қарсы коалициясының ақпараттық анықтамасы

2022 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстандағы қаңтар оқиғаларына байланысты Азаптауларға қарсы коалициясының ақпараттық анықтамасы

13.03.2022

2022 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның ҮЕҰ азаптауға қарсы коалициясының атына азаптаулар және құқыққа қарсы өтініштің басқа түрлері бойынша 138 хабарлама келіп түсті. Оның ішінде Талдықорған қаласы – 37, Алматы қаласы – 31, ШҚО – 14, Тараз қаласы – 14, Атырау қаласы – 11, БҚО – 7, Қызылорда қаласы – 6, Павлодар облысы – 6, Шымкент қаласы – 4, Ақтөбе қаласы – 3, Қостанай қаласы – 4, Қарағанды қаласы-1.

Өтініштердің 11-і әйел адамдардан, 127-і ер адамдардан келіп түсті. Оның ішінде 13 кәмелетке толмаған азамат бар. 58 өтініш бойынша Коалиция жәбірленушілерге тұрақты негізде адвокаттарды ұсынды. Бұдан бөлек, 12 бір реттік сапар ұйымдастырылып, 4 іс бойынша психологиялық көмекке қол жеткізілді, 3 медициналық көмек (препараттарды сатып алу бойынша) көрсетілді.

Коалиция қолдаған 40 өтініш ҚР ҚК-нің 146-бабы “азаптау” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне (СДТБТ) тіркелді. 3 істі тіркеу (ҚР ҚК-нің 362-бабы «билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану») бойынша тергеу жүргізілуде. Бақылаушылардың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта 31 қылмыстық іс бойынша сараптама жүргізілуде. 3 өтініш бойынша әзірге СДТБТ-ға тіркеуге негіз анықталмаған, бұл істер “ішкі тексеруге”берілген.

40-тан астам дерек бойынша Коалиция БҰҰ-ның азаптаудан азат болу жөніндегі арнайы баяндамашысын хабардар етті.

Коалиция қадағалауындағы азаптау істерін тергеу бойынша төмендегідей жағдай байқалуда:

ҚР қылмыстық процесуалдық кодексіне сәйкес, азаптауларды тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті департаменттері (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), кейбір өңірлерде МСОГ құрамындағы (ведомствоаралық жедел-тергеу топтары), Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі айналысады.

Көп жағдайда азаптаулар туралы хабарламаларды қараумен полицияның өзі – жергілікті полиция департаменттерінің өзіндік қауіпсіздік басқармалары айналысады. Осыдан кейін олар істерді СДТБТ – ға тіркеуге (сотқа дейінгі тергеп – тексерудің бірыңғай тізілімі), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменттеріне береді немесе өздерінің қызметтік тексерумен шектеледі. Бұл ПД ІҚБ-ның азаптау туралы хабарламаларда қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілерін қарауына байланысты. Яғни СДТБТ-де азаптаулар туралы ақпаратты тіркеу немесе тіркемеу  ішкі істер органдары қызметкерлерінің қолында. Мысалы, Қостанайда Коалиция бақылауындағы бір істе бір азамат азаптау туралы арызданған. Жергілікті полиция қазір ол адамның азаптау арызымен қатар, қаңтар оқиғасына қатысты істі қарауда.

Азапталған жәбірленушілердің қауіпсіздігіне байланысты қандай да бір шаралардың қабылданғаны жөнінде Коалицияға белгісіз. Бұған адвокаттар мен жәбірленушілердің шағым түсірмеуін алға тартуда. Қаңтар оқиғасы кезінде әртүрлі заң бұзушылықтар жасаған адамдардың қамау жазасы өзге жазаларға ауыстырылды. Бірақ бұл олардың қауіпсіздігі үшін жасалмағаны анық. Себебі азаптау істері олар қамаудан шығарылғаннан кейін қарала бастаған. Атырауда тергеуші жәбірленушіге қауіпсіздікке байланысты шағымын қайтып алуды ұсынған. Адвокатының сөзінше, ол уақытта ол адам қауіпсіздікке мұқтаж болған. Таразда қаңтар оқиғасына байланысты күдікті азаматтың азаптау арызына қарамастан, істі бұрынғы тергеуші қарауда. Жәбірленуші тергеушіні көрген сайын азапталған кезін қайтадан басынан өткереді. Бұған қоса, жәбірленуші әлі күнге дейін тергеу изоляторында қамауда отыр. Ал ол ішкі істер министрлігіне қарайды. Талдықорғанда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері жәбірленушілерге қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін екі ай бір пәтерде қаруланған күзетпен тұрулары қажет екендігін айтқан және ол олардың отбасына ұнамауы мүмкін екендігін мәлімдеген. Осыдан кейін көптеген жәбірленуші қауіпсіздік шараларынан бас тартқан. 23 бап бойынша (Қылмыстық іске қатысушылардың қауіпсіздігі жөнінде) «қауіпсіздікке байланысты қабылданатын шаралар азаматтардың еңбек, тұрмыстық, зейнет және өзге құқықтарын шектемеуі тиіс». 

Азаптау бойынша сот-медициналық сараптама барлық аймақтарда жүргізіліп жатқан жоқ. Шығыс Қазақстан облысындағы Коалицияға белгілі істерде сот-медициналық сараптамаға жүгіну фактілері болған жоқ. Адвокаттардың сөзінше, Алматыда СИЗО-да азаптауға байланысты сот-медициналық сараптама жасалмаған. Жәбірленушілер қамаудан шығарылғаннан кейін адвокаттардың талабы бойынша тәуелсіз сараптамалар жасалған. Адвокаттар мемлекеттік сараптамалар көп жағдайда қағаз жүзінде болғанын айтады. Олардың сөзінше, сараптам жәбірленушінің қаралған кездегі сырт келбетіне жасалған. Азаптаудан бері ұзақ уақыт өтіп кеткені ескерілмеген. Қорғаушылар комиссиалық сараптама жасауды талап етуге мәжбүр. Психология-психиатриялық сараптама жасауда да дәл осындай жағдай. Адвокаттардың сөзінше, тергеушілердің экспертерге қоятын сұрақтары жәбірленушілердің азаптауға байланысты арыздарына күмәнмен қарауға меңзейді. Коалициямен бірге жұмыс істеп жатқан адвокаттардың барлығы сараптамалардың Стамбұл поротоколының стандарттарына сәйкес келмейтінін айтады. 

Азаптауға қатысы бар полиция қызметкерлерінің жұмысынан босатылғаны немесе жазалғаныны жөнінде Коалицияға белгісіз. Коалицияға Талдықорған қаласында Азамат Батырбаевты азаптаған полиция қызметкерінің қамауға алынғаны белгілі. Коалиция қарап жатқан өзге істердің барлығында жағадай өзгермеген. Адвокат Айбар Қосымбаев Атырау қаласында бір де бір полиция қызметкері азаптау бойынша жазаға тартылмағанын айтады. Екібастұзда адвокаттың азаптауға байланысты полиция қызметкерін жұмысынан босатуды сұраған арызы қанағаттандырылмады. 

Жалпы, азаптау туралы барлық істер бойынша коалициямен ынтымақтасқан адвокаттар көптеген процестік бұзушылықтарды атап өтеді, кейбір жағдайларда тергеп-тексерулер іс жүзінде жүргізілмейді: “сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан бері қандай да бір тергеу әрекеттері жүргізілмейді” (ШҚО).

Коалиция қаңтар оқиғасына кезінде болған азаптауға байланысты істердің тергелуіне алаңдайды. Жәбірленушілер өздерінің қауіпсізігіне үреймен қарайды. Азаптауға байланысты сот-медицина сараптамалары атүсті қаралуда. Азаптау кезінде жүргізілетін тергеулер өз деңгейінда жасалып жатқан жоқ. Немесе ол адвокаттар мен жәбірленушілерге белгісіз. Коалицияға азаптауларды жасаған адамдардың жазалғаныны, қамауға алынғаны белгісіз. Жәбірленушілер кінәлілердің жазаланатынына, істің әділ қаралатынына сенбейді. 

Коалиция қаңтар оқиғасы кезінде болған азаптау істерін бақылауда ұстауын жалғастырады. 

Коалция азаптау құрбандарына құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге дайын. 

Азаптауға байланысты Коалицияның координациялық орталығына хабарласыңыз: 

Алматыдағы АҚмЗСЖҚХБ бас кеңсесі

050035 Алматы қ., 8-ықшам аудан, 4-А үй, 423 және 428 кеңселер.

Анна Солодова, заңгер, Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық және психологиялық көмек көрсету мәселелері жөніндегі үйлестіруші

+77081120938, smirnova.ig.anna@gmail.com

Коалиция азаптаудан бостандық құқығы – бұл ешқандай жағдайда шектелмейтін абсолютті құқық екенін еске салады. ҚР ҚК-нің 146-бабы “азаптаулар” бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың ескіру мерзімі болмайды, тараптарға рақымшылық жасауды немесе татуласуды көздемейді.


Сондай-ақ қараңыз