АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Вадим КУРАМШИН медициналық көмекке зәру

Вадим КУРАМШИН медициналық көмекке зәру

19.02.2018

 «Осымен үшінші күн қатар арқам қатты ауырып, шаншу күннен-күнге күшейіп келеді. Маған шұғыл түрде медициналық көмек керек. Бұл түрменің ішінде оған қол жеткізу мүмкін емес. Ондай жағдай жасалмаған. Маған МРТ жасатып, арқалығы бар орындық керек. Сондықтан, Павлодардағы арнайы медициналық түрмеге ауысу қажет», – дейді В.Курамшин.

Оның айтуынша, 2015 жылы оған денсаулығына байланысты Павлодарға баруды ұсынған, ол кезде қауіпсіздігіне алаңдап бармағанын, ендігі денсаулығы қатты нашарлап, баруға дайын екенін айтады.

43 жастағы құқық қорғаушы Вадим Курамшин 2012 жылдан бері бопсалау айыбымен 12 жылдық түрме жазасын өтеп жатыр. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Бірнеше құқық қорғау ұйымы оны саяси тұтқын деп таныған.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз