• Басты
  • >
  • Шәріп Құрақбайдың жарқын бейнесі мәңгі есімізде қалады

Шәріп Құрақбайдың жарқын бейнесі мәңгі есімізде қалады

14.08.2018

Шәріп Құрақбай еліміздегі тәуелсіз журналистика тарихында өз есімін ойып қалдырған бірегей тұлға. Ол аты аңызға айналған оппозициялық «Дат» газетінің алғашқы редакторы, «Сөз» және «Правда Казахстана» газеттерінің бас редакторы. Билік бірінен кейін бірін тәуелсіз басылымдарды жапқаннан кейін ол «Аңыз адам» және «Жұлдыздар отбасы» журналында қызметін жалғастырып, ең бастысы шындықты жазуды жалғастырды.

Сөздің шебері әрі өте батыл публицист Шәріп Құрақбай қазақстандық оппозициялық журналистикаға тән бүкіл қиындықтарды, соттарды, тінтулер мен басылымдарын негізсіз жабу істерін бастан өткерді. Нағыз отансүйгіш әрі батыл азамат ретінде ол елдегі жағдайға бей-жай қарай алмайтын. Сондықтан, саясатқа да араласып, қарсылық шараларына да қатысатын. Ал өмірде өте қарапайым, сыпайы, ешқашан биіктер мен артық байлыққа қызықпаған, тек, елінің дамуын көргісі келген азамат еді.

Біз тек қана әріптесті және Бюроның ең сенімді достарының бірін ғана емес, демократия принциптерін ұстанған нағыз азаматты, Қазақстан тарихының жарқын тұлғасын жоғалттық.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ БЮРОСЫ


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз