• Басты
  • >
  • Саяси тұтқындарға бостандық талап еткен белсенділерді тұтқындады

Саяси тұтқындарға бостандық талап еткен белсенділерді тұтқындады

10.05.2018

Бүгін Алматыдағы Қабанбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысындағы опера және балет театры жанында ондаған адам жиналды. Олар қолдарына қазақстандық құқыққорғаушылар саяси тұтқындар санатына жатқызған адамдардың портреттерін ұстап, биліктен оларға бостандық беруді және азаптауды тоқтатуды талап етті.

Сағат 11-ге қарай Астанадағы бірнеше еуропалық елдің дипломатиялық өкілдіктері орналасқан ғимараттың алдына жиналған ондаған азамат “Саяси бостандықтарға бостандық!”, “Бостандық!”, “Масқара!” деп айғайлады. Олар саяси астармен сотталған және тергеуге алынған деп санайтын тұтқындарға бостандық беруді Қазақстан билігінен талап етті.

Полиция Астана мен Алматыда көшеге рұқсат етілмеген акцияға шыққандарды күшпен таратып, кейбірін ұстап әкетті. Ұсталғандардың арасында жиын өтіп жатқан жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар да болған.

Бұған дейін құқыққорғаушылар Қазақстанда сот шешімімен тыйым салған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының бастамасымен өтеді деп жоспарланған наразылық акциясы қарсаңында ондаған азаматтық белсенді мен қатардағы тұрғындарды полицияға шақыртқаны немесе билік өкілдері өздерімен бірге алып кетіп, жеткізгені туралы хабарлаған.

Дәл қазір Алматыда ұсталғандардың біразын босатты. Бір бөлігін әкімшілік сотқа алып кетті.

Дәл осындай ұстаулар Ақтөбе, Орал, Атырау, Шымкент қалаларында болған.

Видеода полиция ұстаған ардагер болған оқиғаны баяндап тұр.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз