• Басты
  • >
  • Полиция Бюрода болған шабуылды тергеуге құлықсыз

Полиция Бюрода болған шабуылды тергеуге құлықсыз

27.08.2019

Естеріңізге сала кетейік, 22-шілде күні бір топ әйел қазір тергеу изоляторында жатқан көпбалалы ана Оксана Шевчугке қатысты баспасөз мәжілісін өткізуге кедергі жасау мақсатында журналистер мен құқыққорғаушыларға шабуыл жасаған еді. Сонымен қатар О.Шевчугтың анасы, бір жасқа толмаған қызы және адвокатына қауіп төндірген. Бюро қызметкерлері мен кеңсе күзетшілері оларды қорғап, көлікке дейін шығарып салуға мәжбүр болған.

Ал шабуылдаған әйелдер өздерінің қылмыстық әрекетін жалғастырып, журналистер мен Бюро қызметкерлерінің техникасын сындырып, тартып алып, өздеріне соққы жаудырды.

Олардың барлығы да полицияға арзыданды.

Дәл қазір болған жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзінше билік ету»,  389 бабы бойынша ғана іс қозғалған.

Арызданғандар арасында Бюро ақпараттық бөлім қызметкерлері Андрей Гришин, Сергей Дуванов, Дмитрий Тихонов та бар. Олар қазір жәбірленуші деп танылды.

Адам құқығы жөніндегі Бюро Алматы қаласы полиция департаментіне жергілікті учаскелік полиция қызметкері Р.Асаевтың үстінен арзыданған еді. Себебі, аталған құқыққорғау органы қызметкері заңсыздықты көре тұра еш шара қолданбай, қылмыскерлердің жазасыз оқиға орнынан кетіп қалуына жол берген еді.

Аталған арзыды тіркеп, тәуелсіз тергеу жүргізіп, жауапты азаматтың барлығын қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде өтініш айтылды.

Біздің арыз 30 шілде күні Алматы қаласы полиция департаментіне тапсырылды. Сол күні арыз жергілікті полиция органдарына жіберіледі. Ол заңға қайшы. Себебі, мұндай мағынадағы қылмыстық жауапкершілікке қатысты арыздарға байланысты алдын-ала тергеу ішкі істер органдарымен немесе коррупцияға қарсы департамент органдарымен жүргізілуі тиіс. 

Ал 2 тамыз күні арыз Әуезов ауданы полиция департаментіне жіберіледі. Ол да заңға қайшы. Себебі ҚР заңдарына сәйкес мұндай сипаттағы қылмысты Қылмыстық-процесуалды кодексе сай аудандық полиция департаменті тергей алмайды.

Осыған орай Бюро адвокаты аудандық прокуратураға арыздануға мәжбүр болды. Алайда, жауап беру уақыты 13 тамыз күні өткенімен, прокуратурадан әлі де жауап жоқ. Сондықтан, бұл істі созып, дұрыс тергеу жүргізбеу жөнінде тапсырма бар ма деген болжам бар.

Сонымен қатар Әуезов ауданына жіберілген арыз қосымша құжаттарсыз жіберілген болып шықты. Яғни бұл мәселе де уақытты созу үшін жасалды ма деп ойлаймыз.

Жоғарыда айтылғанның барлығы құқыққорғау органдары Бюро тарапынан қойылған талаптарды қарастырудан қашып, уақыт созып отыр деген тоқтамға келдік.

Жергілікті құқыққорғау мекемелеріне өте ықпалды адамдардан істі созу, мүмкіндік болса жабу, журналистер мен Бюро қызметкерлеріне қатысты қылмыстық әрекетке барған азаматшаларды жазаламау, қылмысқа тосқауыл болмаған полиция қызметкерінің ісіне тиісті баға бермеу туралы тапсырма бар сияқты.

Біз үшін бұл қылмыстық істің ашылуына кімнің кедергі болып, ықпал етіп отырғанын анықтау маңызды. Себебі Бюро кеңсесінде болған шабуылдың шынайы тапсырыс берушісі де солар деп болжаймыз.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз