• Басты
  • >
  • Алмат Жұмағұлов полиция үстінен шағым түсірді

Алмат Жұмағұлов полиция үстінен шағым түсірді

21.12.2021

Жуырда ғана түрмеден босап шыққан саяси тұтқын Алмат Жұмағұлов өзін заңсыз ұстап, он үш сағат бөлімшеден босатпағаны үшін полиция қызметкерлері үстінен шағым түсірді. Оның айтуынша, 16 желтоқсан күні таңғы намазға бару үшін мешітке шыққан оны полиция қызметкерлері күшпен тұтқындап, бөлімшеге апарған, ұстау себебін алаңға бармау талабымен түсіндірген.

«16.12.2021 күні сағат таңғы 6.25 үйден шыққан бойда полиция қызметкерлері, капитан Фархат Азимов, аға лейтенант Азамат Ерзат және Ақжол, Дима деген ұлттық комитетте қызмет етушілер, Алмалы ауданының учаскелік инспекторы, бас аяғы бес адам жалғыз өзіме келіп, есіктен шыққан жерімде  тоқтатты. Құжат сұрағанымда, тек екеуі қызметтік куәлігін көрсетті. Қайда бара жатқанымды сұрады мен таң намазға мешітке бара жатқанымды хабарладым. Бізбен бірге Алмалы ауданының полиция департаментіне бару керектігімді айтты. Не себептен мен қандай заңды бұздым таңғы сағат 6.25 дедім? Себебін тергеуші түсіндіретінін айтты. Қолдарында еш шақыру қағазы жоқ, қай тергеуші шақырғанын өздері білмейді. Мені кім ретінде шақыртып жатыр, куәгер болмаса қылмыскер ретінде ма? – деген сұраққа жауап жоқ болды. Маған шақырту жіберсін, сосын баратынымды айттым. Сол кезде менің қолымды қайырып, күштеп капитан Азимов пен Азаматов машинамен алып кетті. Еш себепсіз,негізсіз бөлімшеде 13 сағаттан аса ұстады. Қ.Р қылмыстық кодекстің 362 бабы бойынша билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді, қызметін асыра пайдалану және күш қолдану іс-әрекеті осы бапқа сай. Яғни қылмыс. Мен бұны қарақшылық яғни адам ұрлығы деп танимын. Сағат 17.00 шамасында маған қайта бер деді Азаматов. Мен айттым қолыма хаттама бер, хаттама бермей кетпеймін деп байкот жарияладым. Олар сағат 20:00-ге таман төртеуі төрт жақтан жабылып, далаға көтеріп шығарып тастады», – дейді Алмат Жұмағұлов.

Қазір ол Адам құқығы Бюросының қолдауымен қорғаушы жалдап, өз бұзылған құқығын қалпына келтіру мақсатында полиция қызметкерлері үстінен шағым түсірді. Бюро өз тарапынан А.Жұмағұлов шағымы бойынша мониторингтік бақылау жасайтын болады.


Сондай-ақ қараңыз