• Басты
  • >
  • Митинг қарсаңында Демпартия белсендісі қамалды

Митинг қарсаңында Демпартия белсендісі қамалды

17.09.2021

Митинг қарсаңында тіркелмеген оппозициялық Демократиялық партия бастамашыл тобының мүшесі Рысбек Тоқтасын 15 тәулікке қамалды.

«Facebook» әлеуметтік желісінде жарияланған аудио жазбада Рысбек Тоқтасын өзінің Алматы қаласының Түркісіб аудандық полиция бөлімшесінде екенін, 15 тәуілікке қамалғанын айтты.

«Мен Түркісіб ауданының полиция бөлімшесіндемін. 15 тәулікке қамап тастады», – дейді ол аудио жазбада.

Бұған дейін Демократиялық партия белсенділері 18 қыркүйек күні Абай алаңында митинг өткізетіндерін хабарлаған.


Сондай-ақ қараңыз