• Басты
  • >
  • Мемлекеттік бағдарламаның абыройының құны 50 мың теңге ме?

Мемлекеттік бағдарламаның абыройының құны 50 мың теңге ме?

26.02.2018

Шағымданушының айтуынша мемлекеттік бағдарламаны насихаттаушы органдар оған тиесілі қаламақысын төлеуден бас тартқан. Автормен алдын-ала келісімшарт жасалып, оған қаламақы төленбегенін жауапкерлер де мойындап отыр.

Сәрсенбек Қызайбекұлы 2017 жылы желтоқсанда Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының үстінен «авторлық құқығымды бұзып, суретімді рұқсатсыз пайдаланды» деп арызданған және 1,5 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен.

Фотографтың айтуынша, жас бала мен қаршыға бейнеленген 2014 жылы түсірген суреті былтыр тамыздан бастап Қазақстанның бірнеше аймағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үгіттеуде көрнекілік ретінде іліне бастаған.

Бұл жайтты сотта жауап беруші министрлік өкілі де жоққа шығарып тұрған жоқ. Олар автордың Астанаға жүру жолын төлеп беріп, оның сол жердегі басшылармен келіссөз жүргізуге ниетті екенін жеткізді. Алайда, сотта талап етілген 1,5 миллион теңгенің төлену-төленбеуі туралы ештеңе айта алмайтынын айтады. Яғни, бейбіт келісім негізінде авторға өтемақы төленуі турасындағы мәселе ашық күйінде қалды.

Автор мен оның заңгері министрлік шенділерімен келіссөзге дайын екендерін айтып, келесі сот отырысының күні қазірге белгіленген жоқ. Нақты күн министрлік пен автор келіссөзінен кейін белгіленетін болды.

Ал фотограф ең алғаш өзінің авторлық құқығын талап еткенде мемлекеттік мекеме 50 мың теңге көлемінде қаламақы төлеген кезде мұндай дау-дамайдың туындамайтынын айтады.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз