• Басты
  • >
  • Лиза Пылаеваның өліміне қатысты Алматы қаласында баспасөз мәслихаты өтті

Лиза Пылаеваның өліміне қатысты Алматы қаласында баспасөз мәслихаты өтті

28.05.2020

Баспасөз мәслихатына Лиза Пылаеваның әжесі Алла Пылаева, «Не молчи» қоғамдық қорының өкілдері Дина Смайлова мен Алмат Мұхамеджанов, белсенді Александр Цой және журналист Дана Орманбаева қатысты. Жиын барысында 6 жасар Лиза Пылаеваның қазасына байланысты қылмыстық істің бір жылдан бері созылып келе жатқаны жөнінде айтылды. 

«Тергеу жұмыстарының жүріп жатқанына бір жылдан асты. Мен немеремнің қалай көз жұмғанын, шындықты білгім келеді. Оны білмейінше, мен тыныш өмір сүре алмаймын», – деді Лиза Пылаеваның әжесі Алла Пылаева сөйлеген сөзінде.

2019 жылдың мамыр айында Алматы қаласында  6 жасар Лиза Пылаева жұмбақ жағдайда көз жұмған. Ол өмірінің соңғы күндерін анасы мен оның жақындарының үйінде өткізген. Олардың сөзінше, Лизаның үстіне үй алдында тұрған ескерткіш құлап, салдарынан бүлдіршін көз жұмған. Бірақ бұған Лизаның әкесі Александр Пылаев пен әжесі Алла Пылаева сенбейді. Олардың айтуынша, Лизаны ауруханаға жеткізгенде оның денесінде бірнеше пышақ жарақаты болған.


Сондай-ақ қараңыз