• Басты
  • >
  • Кемсітушілікті жоюға бағытталған жеті «жол картасы»

Кемсітушілікті жоюға бағытталған жеті «жол картасы»

28.03.2018

Талқылауда жеті негізгі «жол картасы» ұсынылды. Олар кемсіту факторлары негізіндегі ақпараттарға сүйене отырып дайындалған.

Александр Клюшев, «Қазақстанның діни бірлестіктері ассоциациясы» жетекшісі жиналғандар талқылауына екі ұсынысын алға артты. Олар: діни бірлестіктердің тіркелуі, миссионерлік қызмет атқаруы мен өз дінін таратудағы еркіндігі. Екіншісі: мемлекеттің барлық діни бірлестіктерге, оның ішінде дәстүрлі емес бірлестіктерге де бірдей жағдай жасауы.

Үшінші ұсынысты мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселесі бойынша К.Иманалиева атындағы  комиссия жетекшісі Вениамин Алаев айтты. Қоғам белсенділері мемлекетті Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығы бойынша пактке қол қойғанда алған барлық міндеттемелерді орындауға шақырды.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева төртінші ұсынысты, Қазақстанда өзге пікір айтқаны үшін қудалаушы саяси құралға айналған «жала жабу» бабы және таза саяси бапқа айналған 174 бапты Қылмыстық кодекстен алу туралы айтты.

Бесінші ұсынысты «Халықаралық құқықтық бастамалар» ұйымы өкілі Амангелді Шорманбаев ұсынды. Ол заңдар мен терминдердің айқындығы, әсіресе саяси тұтқындар мен диссиденттерге қатысты жиі қолданылатын «әлеуметтік араздық қоздыру», «жиын», «экстремизм», «діни алауыздық» «үкіметтік емес ұйым» сынды терминдердің заңдағы айқын анықтамасы болуы туралы айтты.

Соңғы екі ұсынысты Қазақстандағы «Феминита» қозғалысының мүшелерінің бірі Гүлзада Сержан ұсынды. Олар: Қазақстан заңнамасын БҰҰ Кемсітушілікке қарсы Конвенциясына лайықтылығы бойынша тексеру, өзгерістер енгізу. Екінші: Халыққа кемсітушілікке жол беруге болмайтыны туралы барынша көп ақпарат жеткізу және ондайға тап болған азаматтарға жедел әрі кедергісіз заңдық көмек беру тетіктерін ойластыру.

Байқаған шығарсыздар, ұсыныстардың біраз бөлігі саяси әрі діни ұстаным тұрғысында. Сондықтан, мемлекет оларды қабылдауға құлық білдіреді дегенге күмән бар. Десек те, егер жеті ұсыныстың ең болмаса біреріне мемлекет назар аударса, қандай да жетістік болар еді. Себебі, халықаралық міндеттемелерді алғаннан кейін оларды орындау, мемлекеттің алдыға жылжуын білдіреді. Сондықтан, қоғамдық белсенділер ұсыныстары зая кетпей, бір нәтиже шығады деп үміттенеміз.

Аталған шара Қазақстандағы адам құқығын қорғау жөніндегі бюроның бастамасымен The Equal Rights Trust ұйымы мен Қазақстандағы Еуропалық одақтың қаржылық көмегі арқылы жүзеге асуда.

Бұл жиынға мемлекет атынан ҚР президенті жанындағы адам құқығы бойынша комиссия хатшысы Тастемір Әбішев және Әділет министрі орынбасары Эльвира Азимова қатысты. 


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз