АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • HRW Нұр-Сұлтанды "бейбіт жиындар" туралы заң жобасын қарауды кейінге қалдыруға шақырды

HRW Нұр-Сұлтанды “бейбіт жиындар” туралы заң жобасын қарауды кейінге қалдыруға шақырды

01.04.2020

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін «бейбіт жиындар» туралы заң жобасын қарауды кейінгі қалдыруға шақырды.

Жарияланған мәлімдемеде ұйым ресми Нұр-Сұлтанды азаматтық белсенділердің көзқарасын ескеруге, төтенше жағдай кезінде жалпы халықтық жиын, акция өткізуге тыйым салынған уақытта заңды қарамауға шақырады.

HRW сарапшысы Лора Миллстің сөзінше, жаңа заң жобасы бейбіт жиындарды өткізуде бәрібір соңғы шешімді биліктің шығаруына мүмкіндік береді.

«Заң жобасы билікке шаралардың формасына қарай оған рұқсат беру немесе бермеуге құқық береді. Шенеуніктер жиын өткізуге балама орын ұсына алады. Егер ұйымдастырушылар онымен келіспесе, онда ол өткізілмейді. Бұның бірде-біреуі халықаралық нормаларға сәйкес келмейді», – дейді Л. Миллс.

Бұдан бөлек, Миллс азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығын айқындайтын маңызды заң жобасын асығыс қабылдауға еш негіз жоқ деп есептейді және Нұр-Сұлтанды заң жобасын қабылдауды кейінге қалдыруға шақырады.

Наурыздың 26-ы күні парламент мәжілісі бірінші оқылымда «бейбіт жиындар» туралы заң жобасын бір ауыздан мақұлдады. Азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушылар жаңа заң жобасы асығыс қабылданды, ашықтық болмады деп есептейді. Олардың сөзінше, заң жобасында шектеулер өте көп.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз