• Басты
  • >
  • Еуропа-Қазақстан. Дамуға бағытталған 250 миллион евро

Еуропа-Қазақстан. Дамуға бағытталған 250 миллион евро

14.09.2018

Еуропалық Одақ (ЕО) – 60 жылдан астам кеңейту үдерісінің барысында тұрақтылық, демократия мен тұрақты даму аймағын құрған 28 мүше мемлекеттен тұратын саяси әрі экономикалық одақ.

ЕО мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы орнатылды. Қазіргі таңда ЕО Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторлары мен сауда серіктестерінің бірі болып табылады. ЕО мен Қазақстанның қарым-қатынастары саясаттың 29 басты салаларын қамтитын Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге негізделген, олардың ішінде экономика және қаржы салаларындағы ынтымақтастық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруі, халықтың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік мәселелер, мәдениет, білім беру мен ғылыми зерттеулер салалары.

1991 – 2014 жж. аралығында ЕО жалпы құны 180 млн. еуро құрайтын 350-ден астам жобаны қаржыландырды. Бұл жобалар (а) орталық және жергілікті билік органдарының әлеуетін нығайтуға, (ә) әділсот жүйесіндегі реформаларды қолдауға, (б) әлеуметтік және экономикалық реформаларды енгізу бойынша мемлекеттік сектордың әлеуетін жетілдіруге бағытталған. 2007-2013 жж. аралығында ЕО Даму мақсатындағы ынтымақтастық құралының (DCI) аясында бөлінген 74 млн. еуро көлеміндегі екіжақты жобалар жүзеге асырылды.

Қазақстан табыс деңгейі орташадан жоғары елдер санатына енсе де, ЕО-ның Орталық Азия мемлекеттеріне арналған аймақтық көп жылдық индикативті бағдарламасы аясында аймақтық ынтымақтастықтың тиімділіктеріне қол жеткізе алады. Ол екі саланы қамтиды: тұрақты даму (энергетика, қоршаған орта, су ресурстары және әлеуметтік-экономикалық даму) және аймақтық қауіпсіздік (шекараларды басқару, есірткі заттардың заңсыз айналымымен және қылмыспен күрес, заң үстемдігі мен сот реформалары). 2014 – 2020 жж. қаржыландыру мерзіміне ЕО Орталық Азия мемлекеттеріндегі аймақтық ынтымақтастық жобаларды іске асыру үшін 360 млн. еуро қаражат бөлді (соның ішінде 115 млн. еуро Erasmus+ бағдарламасына тиесілі).

Сонымен қатар, ЕО Демократия және адам құқықтары саласындағы еуропалық құралы (EIDHR) мен Мемлекеттік емес субъектілер және жергілікті билік органдары (NSA-LA) сияқты тақырыптық бағдарламалары арқылы Қазақстандағы плюралистік саяси жүйені насихаттау әрі азаматтық қоғамның рөлін нығайту мақсатында әртүрлі жобаларды қаржыландырады.

Еуропа тарапынан Қазақстанда адам құқығы сақталуы стандарттарын еуропалық деңгейге жеткізу талпынысы қарқынды жүргізілгенмен бұл бағыттағы жұмыс тиісті нәтиже беруде деп айта алмаймыз. Оны жергілікті құқыққорғаушылардың есебінен ғана емес, халықаралық рейтингтерден де байқауға болады. Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ коммитеттері шешімдерін орындаудан бас тартуда. Сондықтан, кейбір билікке «ыңғайлы» мәселелердегі алға жылжудан басқа, талпыныс сол күйі талпыныс деңгейінде қалуда.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз