АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Есірткі тарату жүйесін «погондылар» басқара ма?

Есірткі тарату жүйесін «погондылар» басқара ма?

04.04.2018

Штаттан тыс полиция қызметкері жас студенттерді пайдаланып, есірткі сату жүйесін жасаған. Оның табысты «бизнесінің» шығыны аз, табысы миллиондап саналады екен. Бастысы, оның өзі жазықсыз қалып, ол пайдаланған студенттер «ұйымдасқан қылмыстық топ» деп танылып, 18-20 жыл түрме арқалаған. Ал ол қылмыстық топты құрған адамды құзырлы органдар іздеп әуре болмаған. Сотталған жастардың ата-аналары өз тергеуін жүргізіп, осындай тұжырымға келген. Бұл жөнінде олар арнайы баспасөз мәжілісін жасап мәлімдеді.

Есірткі сатумен айналысты деп сотталған жастардың бірінің анасы Елена Леушинаның айтуынша, әуелде бұл істе жүзге тарта айыпталушы болған. Бірақ, тергеушілер ашық түрде ата-аналарды бопсалап, ақша беріп құтыла алғандары қазір бостанықта жүр. Ал ісі сотқа жетіп, сотталған 8 жігіттің ата-анасы ғана тергеушілерге төлеуден бас тартқан. Бас тартқанда қалай, оларға да бір рет болса да пара беруге тура келіпті. Тергеуші А.Ибраевтың заңмен тиесілі қорғаушы статусын беру үшін әр ата-анадан 200 доллар көлемінде пара алғанын, онсыз бермейтінін айтып, бопсалағанын мәлімдеді.

Елена ЛЕУШИНА

Есірткі қайдан келді?

Сотталған жастардың ата-аналары өз балаларын ақтамайды. Тек олардың өз істеген қылмысынан жоғары жазаға кесілгенін, ал ең бастысы, студенттерді бұл қылмысқа баулыған адамдардың, яғни, есірткіні сатуға оларға берген, табысын алған адамның жазасыз қалғанын айтады. Олардың жазасыз қалуының басты себебі, бұл қылмыстық топтың басшылығында «погондылар» тұрғанына сенімді екенін, оған өз дәлелдерін барын айтты.

Төмендегі скрин-шотта жастардың бірінің әкесіне кім оларға тапсырма беріп, бұл іске тартқанын жазғаны көрсетілген. Аты аталған адамның полиция қызметкері екенін, сол үшін басты жазықтылар жазасыз қалып, алданған жастар күйіп кеткенін айтады.

 

Ата-аналарға көмектесіп жүрген құқыққорғаушы Константин Гудаускас та бұл іске құзырлы орган қызметкерлерінің қатысы бар деген күдік айтады. Себебі, оған бұл іске араласпа деген қоқан-лоқы көрсетіліп, үш күннен бері үйінің маңын белгісіз адамдар торуылдап жүрген көрінеді. Тіпті, өзіне өте жоғары шенді адамның хабарласып ескерту айтқанын, бірақ, оның атын атауға өмірі үшін қауіптенетінін айтты.

Жастар «үлкен ағалардың» ойынының құрбаны

«Бір қарағанда, есірткіге қатысты қандай да іс тек қана жағымсыз ойға жетелейді. Бірақ, мен бұл істі терең зерттей түскенде шикіліктің көп екеніне бірден көзім жетті. Себебі, сотталғандар арасында жастарды есірткімен қамтамасыз етіп, электронды аударымдардан түскен ақшаны алып отырған адам жоқ. Яғни, ортада делдалдық қызмет атқарып, сол үшін тиын-тебен алған жастар 18-20 жылға соталып, бірақ, оларды ұйымдастырып, есірткімен қамтамасыз етіп, табысты көрген «бизнес» иесі жазықсыз қалып отыр. Ал ең күдік ұялататыны, полиция, тергеу, сот ол адамды іздеуге де тырыспаған. Сонымен қатар, өзім үшін сұмдық жаңалық ашуға тура келді. Себебі, тексеріп көрсек, істе есірткі таратумен айналысты деп көрсетілген телефон номрлері әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған болып шықты. Біз оған жазып та көрдік. Тауарды межелеген уақыта жеткізетіні туралы жауап алдық. Бұл деген сұмдық қой! Жастар сотталды, бірақ есірткі сату жүйесі әлі де жұмыс істеп тұр. Біз оңай анықтаған бұл фактіні полиция білмейді дегенге сіздер сенесіз бе? Жоқ әрине! Яғни, бұл жастарды пайдаланып, енді соттап, келесі жастарға ауыз салды деген сөз. Әйтпесе, аталған номерлер бойынша ім жұмыс істеп жатыр. Есірткіні таратуды кім жалғастыруда», – дейді қоғамдық белсенді.

Константин ГУДАУСКАС

Тергеудің келеңсіз тұстары көп болды

Сотталған жастардың бірінің анасы Әлия Жамалова да өз ұлын толық ақтаудан аулақ, бірақ, тергеудің әділетсіз жүріп, ұлының құрбан болғанын айтады. «Себебі, менің ұлым 2016 жылдың тек маусым айында елге келді, ол шетелде оқиды. Ал іс материалдарында ол 2016 жылдың ақпан айынан бері аталады. Бұл ақылға қонымсыз ғой? Біз қазір балаларды ұйымдасқан қылмыстық топ қамап, тергеу тобында болғанның көбі шендерін өсіргенін білеміз. Бірақ, олардың тергеуді толық қанды жүргізбегеніне сот ескермеген дәлеліміз көп. Иә, біздің алалар алданып, ұрынып қалған болар, олар жас қой. Бірақ, нағыз қылмыскерлердің бостандықта жүріп, басқа жастарды ұрындырып жүргені туралы біз ойлануымыз керек емес пе?», – дейді сотталушының анасы.

Алия ЖАМАЛОВА

Ендігі ата-аналар бұл фактілер мен дәлелдерді құзырлы оргадарға тапсырып, қайтсек балаларымыздың өз қылмысына лайықты ғана жаза алуына қол жеткізіп, нағыз қылымыскерлердің жазалануын талап етеміз дейді.

Сонымен қатар, есірткі тарату жүйесінің әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрғанына алаңдаушылық білдіреді.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз