• Басты
  • >
  • Ерімбетовты түрмеде азаптау ісі жабылды

Ерімбетовты түрмеде азаптау ісі жабылды

02.03.2018

Естеріңізге сала кетейік өткен жылдың соңында бюроның баспасөз залында қамаудағы кәсіпкердің анасы ұлына түрмеде көрсетілген қысымды толық сипаттап берген еді. Ерімбетов тергеумен жұмыс істеуден бас тартып, кінәсін мойындамаған уақыттан бастап оның түрмедегі өмірі тозаққа айналғанын жайып салған болатын.

Қазақстанның азаптауға қарсы коалициясы БАҚ бетінде шыққан Ескендір Ерімбетовке қарсы түрмеде қолданылған азаптау немесе оның жеке басын қорлайтын қарым-қатынас туралы ақпаратқа алаңдаушылық білдіріп, істі өз бақылауына алған болатын.

Құрамына «Адам құқығы жөніндегі хартия» директоры Жеміс Тұрмағамбетова мен Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі бюро директоры Евгений Жовтис кіретін мониторингтік топ та тергеу абақтысындағы Ескендір Ерімбетовпен кездескен.

Кездесу БҰҰ азаптауға қарсы Арнайы есепшісі Нильс МЕЛЦЕРдің 26-қаңтар 2018 жылы ҚР үкіметі атына жазылған (Ref. UA KAZ 2/2018) сұрауына орай жүзеге асты.  Сұрауда тергеудегі Е.Ерімбетовке қарсы азаптау болғаны жөніндегі қорғаушысы мен жақын туыстары Арнайы есепшіге жазған ақпарат жөнінде айтылған.

Нәтижесінде құқыққорғаушылар таратқан баспасөз баянында: «Сонымен қатар біз Ерімбетов мырзаға қатысты азаптау фактісі бойынша қылмыстық істің ашылғанын қуана құптап, істің тәуелсіз сарапшылар көмегіне жүгіне отырып әділетті жүргізілетініне үмітттенеміз.

Арнайы есепші сұрауында айтылған мәселеге анық көз жеткізетін деректер таптық деп айта алмасақ та, Е.Ерімбетовтың ісі мен жағдайы жан-жақты, әділ тергеуді, оған қатысты түрмеде болған жағдай бірқатар зерттеулерді, соның ішінде психологтың көмегіне жүгінуді талап етеді. Оны өз көзімізбен көргеннен кейін жағдайы мен денсаулығына қатысты алаңдаущылығымыз толықтай расталғанын айта аламыз.

Ерімбетов мырзамен жеке сөйлесу кезінде оның қатты күйзелісте екенін, қорқып, өз өмірі үшін алаңдаулы екенін байқадық. Ол өз сөзінде Арнайы есепші сұрауында айтылған көп мәселені растап берді. Сонымен қатар, Ерімбетов мырзаның ауырып тұрғанын, қызуы жоғары екенін, жөтеліп, көздері қызарып тұрғанын көрдік», – делінген еді.

Құққорғаушылар кездесуінің нәтижесі ретінде Ерімбетовке тәуелсіз психолог Л.Черненко кіріп, азаптаудың болғанын растаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Ескендір Ерімбетовке – 2005-2013 жылдар аралы-ғында Мұхтар Әблязовтан қаржы алды, ол әркетімен БТА банктен ұрланған қаржының ізін жасырды деген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 193 бабы бойынша айып тағылған.

Бұл іс бойынша Ерімбетовпен бірге жұмыс істеген Дмитрий Пестов, Василина Соколенко және Михаил Зоров та тұтқынға алынған. Кәсіпкердің әкесі, Мырзахан Ерімбетовтың айтуынша, дәл қазір бұл азаматтарға қысым көрсетіліп, өзіне және ұлына қатысты куәлік беру талап етілуде. Ол осының барлығы қызы Ботагөз Жәрдемәліні елге қайтару мақсатында жасалған бопсалау әрекеті екенін айтады.

Ботагөз Жәрдемәлі Мұхтар Әблязовтың заңгерлік қорғауын басқарған. 2013 жылы Қазақстан билігі Әблязов ісі аясында оған да іс қозғап, Интерполдың іздеуіне салған. Сол жылы Белгия билігі оған саяси босқын мәртебесін беріп, 2016 жылы Интерпол Б.Жәрдемәліні өз тізімінен алып тастаған.

15 қараша күні сот Ерімбетовты 2 айға уақытша  ұстау изоляторына қамау туралы шешім шығарып, мемлекеттік айыптаушы оның және туыстарының мүлкін тәркілеуді сұраған.

Іспен жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тергеушісі С.Н.Перов жетекшілігіндегі ведомство- аралық топ айналысады.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз