• Басты
  • >
  • Тергеу абақтысындағы Ескендір Ерімбетовпен мониторингтік топтың кездесуі жөнінде Баспасөз мəлімдемесі

Тергеу абақтысындағы Ескендір Ерімбетовпен мониторингтік топтың кездесуі жөнінде Баспасөз мəлімдемесі

05.02.2018

Құрамына «Адам құқығы жөніндегі хартия» директоры Жеміс Тұрмағамбетова мен Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі бюро директоры Евгений Жовтис кіретін мониторингтік топтың тергеу абақтысындағы Ескендір Ерімбетовпен кездескені туралы.

Кездесу БҰҰ азаптауға қарсы Арнайы есепшісі Нильс МЕЛЦЕРдің 26-қаңтар 2018 жылы ҚР үкіметі атына жазылған (Ref. UA KAZ 2/2018) сұрауына орай жүзеге асты.  Сұрауда тергеудегі Е.Ерімбетовке қарсы азаптау болғаны жөніндегі қорғаушысы мен жақын туыстары Арнайы есепшіге жазған ақпарат жөнінде айтылған.

Кездесу ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Әділет министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігінің біріккен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. Бұл жағдайды Қазақстан Респібликасы Үкіметі тарапынан Арнайы есепші сұрауына орай жан-жақты, тәуелсіз ақпарат беру мақсатында жасалған оң қадам ретінде бағалаймыз. Сонымен қатар Е.Ерімбетов отырған ҚР ішкі істер министрлігіне қарасты СИ-1 басшылығының мониторингтік топ сұраған құжаттардың барлығын беріп, сауалдарға жауап бергенін атап өткіміз келеді.

1-ақпан 2018 жылы сағат 10.30 бен 12.40 аралығында болған кездесу кезінде Ерімбетов мырзаның өзімен жеке кездесуге, сонымен қатар оған қатысты біращ құжатпен танысуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар анықтама жазу барысында Ерімбетов мырзаның адвокатынан ақпарат алуға мүмкіндік болды.

Сонымен қатар біз Ерімбетов мырзаға қатысты азаптау фактісі бойынша қылмыстық істің ашылғанын қуана құптап, істің тәуелсіз сарапшылар көмегіне жүгіне отырып әділетті жүргізілетініне үмітттенеміз.

Кездесу бойынша біз дайындаған анықтама ҚР үкіметіне Арнайы есепшіге тапсырылуы үшін жіберілді, ол анықтаманы жариялау құқығы да үкіметтің құзырында.

Арнайы есепші сұрауында айтылған мәселеге анық көз жеткізетін деректер таптық деп айта алмасақ та, Е.Ерімбетовтың ісі мен жағдайы жан-жақты, әділ тергеуді, оған қатысты түрмеде болған жағдай бірқатар зерттеулерді, соның ішінде психологтың көмегіне жүгінуді талап етеді. Оны өз көзімізбен көргеннен кейін жағдайы мен денсаулығына қатысты алаңдаущылығымыз толықтай расталғанын айта аламыз.

Ерімбетов мырзамен жеке сөйлесу кезінде оның қатты күйзелісте екенін, қорқып, өз өмірі үшін алаңдаулы екенін байқадық. Ол өз сөзінде Арнайы есепші сұрауында айтылған көп мәселені растап берді. Сонымен қатар, Ерімбетов мырзаның ауырып тұрғанын, қызуы жоғары екенін, жөтеліп, көздері қызарып тұрғанын көрдік.

Түрме басшылығы мен медициналық мекеменің қызметіне қатысты біраз олқылықтар мен Ерімбетов мырзаның қорғаушысы мен туыстарының арыз-шағымдарына уақытылы жауап болмағанын анықтадық.

Кездесу қорытындысы ретінде мноиторингтік топ Ерімбетов мырзаның шғыл түрде медициналық тексеруден өткізіп, жақсы терапевт дәрігерге көрсетуді ұсынды. Тергеу кезінде оның өмірі мен денсаулығына толықтай түрме басшылығы жауап беретінтіктен, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұсындық. Сонымен қатар, Ерімбетов мырзаға міндетті түрде тәуелсіз психологтың көмегі керек екенін ескерттік. Сонымен қатар, Ерімбетов мырзаны түрмеде азаптау фактісі бойынша тергеу мен сот әділ, ашық әрі тәуелсіз, тәуелсіз психологтың қатысуымен жүргізілуі тиіс. 

Жеміс Тұрмагамбетова

Евгений Жовтис

 

Алматы қаласы, 2 ақпан 2018 ж.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз