• Басты
  • >
  • "Бұл жай статистика емес, оның артында адамдардың тағдыры тұр"

“Бұл жай статистика емес, оның артында адамдардың тағдыры тұр”

27.12.2021

Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы 2021 жылды қорытындылады. Онда елдегі адам құқығы мен бостандығы жөнінде айтылды. Құқық қорғаушылар бұл жай ғана статистика емес, оның артында көптеген адамның тағдыры тұр дейді.

Вебинар барысында құқық қорғаушылар кемсітушілік, бейбіт жиын өткізу құқығы, түрмедегі азаптау, азаматтығы жоқ тұлғалар мен босқындар құқығы, сөз бостандығы, діни сенім-наным еркіндігі, еңбек құқығы,  сотталғандар құқығы, бала құқығы салалары бойынша жылдық қорытындыларын жасады.

Сарапшылар 2021 жылы адам құқығы саласында айтарлықтай жақсы өзгеріс болмағанын атап өтті. Мәселен, бейбіт жиын еркіндігіне қатысты биыл 888 адам көмек сұрап, бюроға шағымданған. Оның ішінде 51 адамның сотына құқықтық көмек көрсетілген. Осы жылы елде болған 351 бейбіт жиынға бақылау жасалған. Олардың басым көпшілігіне рұқсат етілмегендіктен, оған қатысушыларды полиция ұстап, түрлі деңгейде әкімшілік жазаға тартқан.

– Билік соңғы жылы белсенді азаматтардың превентивті ұстауды әдетке айналдырып, осы ұстаулар кезінде полиция күш қолдануды жиілеткен, – дейді бюро заңгері Таңшолпан Жұмақова.

Бюроға азаптауға қатысты 233 шағым түскен, оның басым көпшілігі әйелдерге қарсы жасалған. Екінші орында – сотталушыларға жасалған азаптаулар.

– Статистикаға сенсек, азаптауға қатысты түскен бес арыздың біреуін ғана прокурор тексереді. Ал қалғанын анықтау полиция департементінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына тапсырылады. Одан кейін ішкі тексеру жүргізу үшін іс қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жіберіледі. Яғни, сотталушыға қарсы жасалған заңсыздықты жасаған органның өзіне жіберіледі. Сондықтан қанша шағым түскенімен Қылмыстық кодекстің 146–бабы бойынша істер мүлдем қозғалмайды, – дейді заңгер Елизавета Жук.

Қазақстанның «сөз бостандығы бойынша халықаралық рейтингіде» 180 ел ішінде 155 орында екенін атап өткен сарапшылар, елде сыни пікір білдіріп, журналистік зерттеу жасаған азаматтық белсенділер, журналист пен блогерлердің жауапқа тарлылуы биыл да болған. Сотқа тартылған үш журналисте тәуелсіз сараптама жасап, соттарында бақылаушы болған.

Ал еңбек құқығына қатысты биыл бір ғана арыз түскен. Алайда бюро мамандары Қазақстан мақұлдаған Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясын бұзған 299 факт тіркеген. Оның ішнде айлықты уақытында төлемеу, жұмыс жағдайының нашарлығы сияқты фактілер бар.

2021 жылы бюроға 701 тұтқынның арызы жеткен. Осының негізінде түзеу мекемелеріне барып, 300-ден аса арыз иелерімен кездескен.

– Негізгі проблема – сотталушы жазған арыздың түзеу мекемесінен шығуы. Біз сөйлескен сотталушылар әдетте өздерінің арызын құқық қорғаушыларға жеткізе алмайтынын айтады. Бұған қоса сотталушылар көп жағдайда арыз түсіруге қатысты заңнамалық өзгерістерден бейхабар. Олар арыздарын ескі, күші жойылған заңнамаға сүйене отырып жазады, нәтижесінде, ол арыз мүлдем қаралмайды, – дейді Меруерт Шакирова.

Вебинардың видео нұсқасы:

Онлайн брифинг «В каждой цифре чья-то судьба: итоги года КМБПЧ» – YouTube


Сондай-ақ қараңыз