• Басты
  • >
  • Билік өкіліне сұрақ қойған белсенді бес тәулікке қамалды

Билік өкіліне сұрақ қойған белсенді бес тәулікке қамалды

03.04.2020

Оны сәуірдің 1-і күні облыстық әкімдік алдында өлең оқып, Назарбаевтың билігін сынаған Ақжан Ноғаеваны видео түсіріп, сол жерде болғаны үшін онлайн соттап, бес тәулікке қамауға алу жазасына кескен.

Сәуірдің 1-і күні Қызылорда қаласында бір топ әйел облыстық әкімдік ғимаратының алдына барып, билік өкілдеріне төтенше жағдай мен теңгенің құнсыздануына байланысты жағдайларының қиын екендігін айтқан. Бірақ күзет әкімдік есігін жауып, әйелдерді ішке кіргізбеген. Мұрат Баймағамбетовтың сөзінше, әкімдік қызметкерлері дәл осы уақытта түскі үзілістен қайтып келе жатқан және әйелдердің талаптарына жауап беруге мәжбүр болған. Әңгіме байрысында Баймағамбетов билік өкілдерінен 42500 теңге көмекті қалай алуға болатын сұраған. Оған әкімдік қызметкерлері көмекті алу үшін құжат жинауға 2600 теңге қажеттігін айтқан.

Осы кезде Баймағамбетов: «Бұл қалай болғаны? Назарбаев бізден ақша жинап, оны қайтадан өзімізге таратып бермек пе?», – деген. Кейіннен әкімдік қызметкері оның телефон нөмірін сұраған. Осы кезде полиция оны ұстаған. Онымен бірге тәртіп сақшылары өлең оқып, билікті сынаған әйелді де ұстаған.

Сәуірдің 2-і күні Мұрат Баймағамбетовты «билік өкіліне бағынбау» бабы бойынша 5 тәулікке соттаған. Белсенді 3-ші топтағы мүгедек.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз