• Басты
  • >
  • Азаматтық белсенді Асхат Берсәлімов бес тәулікке қамалды

Азаматтық белсенді Асхат Берсәлімов бес тәулікке қамалды

21.02.2018

Сот Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында өтті. Судья Дәурен Қарымбаев Асхат Берсәлімовті әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабының 3бөлімі («бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу») бойынша айыпты деп танып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Белсендіні қамауға алу мерзімі сот қаулысы шыққан 20 ақпан күнгі сағат 20:40-тан бастап есептеледі.

Сот залында судья видео және фото түсіруге рұқсат бермеді.

Сондықтан соттан кейін тікелей эфир жүргізіп, Асхат Берсәлімовтан пікір алдық. Ол сот өзінің заң бұзғанына «ешқандай дәлел келтірмегенін» айтады. Ал адвокат Жанар Балғабаева сот қаулысына шағымданатынын мәлімдеді.

Асхат Берсәлімов өзін азаматтық белсенді, былтыр қарашада «терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» ісін тергеу аясында ұсталған Алмат Жұмағұловты қолдап пикет өткізгені үшін соттағанын айтады.

 


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз