• Басты
  • >
  • Адам құқықтары бойынша ақпараттар тізбегі

Адам құқықтары бойынша ақпараттар тізбегі

06.04.2020

«Белсенділерді қудалау»

 БИЛІК ӨКІЛІНЕ СҰРАҚ ҚОЙҒАН БЕЛСЕНДІ БЕС ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ

 Қызылордалық белсенді Мұрат Баймағамбетов бес тәулікке қамалды. Оны сәуірдің 1-і күні облыстық әкімдік алдында өлең оқып, Назарбаевтың билігін сынаған Ақжан Ноғаеваны видео түсіріп, сол жерде болғаны үшін онлайн соттап, бес тәулікке қамауға алу жазасына кескен.

«Бейбіт митинг туралы заң»

ХҚБ «БЕЙБІТ МИТИНГІЛЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢНЫҢ ҚАБЫЛДАНУЫНА ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Халықаралық құқықтық бастама қоғамдық қоры 26-шы наурыз күні парламент мәжілісі бір ауыздан мақұлдаған «ҚР жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заңның қабылдануына қарсылық білдірді.

«Сөз бостандығы»

ПОЛИЦИЯ «АЗАТТЫҚ» РАДИОСЫНЫҢ ТІЛШІСІН ТЕРГЕДІ

25 наурызда Оралда полиция Азаттық радиосының тілшісі Мария Мельникованы тергеді. Журналистің сөзінше, екі сағатқа созылған тергеу кезінде полиция оған “жалған ақпарат тарату” қылмыстық ісінде куәгер екенін айтқан. Мельникова Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің тергеушісі Николай Вязников “тексеру шарасы үшін” ұялы телефонын алғанын айтады.

«Белсенділерді қудалау»

«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН БҰЗДЫ» ДЕП АЙЫПТАЛҒАН БЕЛСЕНДІЛЕР ОН ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ

– 21-ші наурыз күні Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша, 18 наурыз күні билікке қарсы шараға қатысып, «төтенше жағдай режимін бұзды»  деп айыпталған белсенділер Әлібек Молдин, Асылхан Жаубатыров, және Айтжан Темірғазиев он тәулікке қамалды. Ал Қарагөз Башигулова мен Ақлима Туксикованың әрқайсына 26510 теңгеден айыппұл салынды. 

«Бейбіт жиын өткізу құқығы»

ҚЫЗЫЛОРДАДА БИЛІКТІ СЫНАҒАН ӘЙЕЛДІ ПОЛИЦИЯ ҰСТАДЫ

1 сәуірде Қызылордада облыстық әкімдік алдында өлең оқыған әйелді полиция ұстап әкетті. Ақжан Ноғаева есімді әйел полиция ұстамай тұрып әкімдік алдында әуелі төтенше жағдай кезінде балаларын қашықтан оқыту мәселесіне алаңдайтынын жеткізген. Бұдан соң бұрынғы президент “Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған” өлеңін оқыды. Өлеңде әйел Назарбаевтың 30 жылдық билігін сынап, халықтың жағдайы нашар күйде қалғанын айтты.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз