• Басты
  • >
  • Орталық Азиядағы адам құқығы туралы ең үздік жазу байқауы

Орталық Азиядағы адам құқығы туралы ең үздік жазу байқауы

12.11.2018

Байқаудың мақсаты: Орталық Азияда адам құқығы мен еркіндігін сақтау және сыйлауды дәріптеу

Байқау мақсаты:

адам құқығын бұзуға қатысты проблемаларды көрсетудің тиімділігін арттыру;

  • Орталық Азия елдері халқының ішінде құқықтық білімді дәріптеу;
  • адам құқығын қорғау саласында қоғамның білімін ақпарттандыруын қамтамасыз ету;
  • Журналистердің бұл саладағы жоғары кәсібилігін қалыптастыру және соны дәріптеу.

Байқауға баспа және онлайн басылымдарда, ТВ және радиода жұмыс істейтін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан журналистері қатыса алады.

Байқау тілдері: қазақ, қырғыз, тәжік, өзбек және орыс.

Байқауға жұмысты тапсырудың бітетін уақыты: 17:00 (GMT+6), 30 қараша 2018 жыл.

Байқаудың жүлде қоры былай бөлінген:

1-орын – ноутбук

2-орын – ноутбук

3-орын – ұялы телефон

 

Байқау аясында төрт арнайы номинация бойынша журналистік жұмыстарға арналған қосымша сыйлықтар қарастырылған:

  1. Балалар мен әйелдер құқығына қатысты мәселелерді көрсету
  2. Азаптау, ұрып-соғу, заңсыз тұтқындау мен түрмеге қамау мәселесін көрсету
  3. Сөз бостандығы мен ақпарат құралдарының еркіндігі бойынша мәселелерді көрсету
  4. Ой, ар-ұждан мен діни еркіндікке байланысты мәселелерді көрсету

Қосымша сыйлықтар: ұялы телефон

 

Байқау жұмыстарын Байқау комиссиясының тәуелсіз мүшелері келесі белгілер бойынша бағалайды:

  • Креативтілік: материалдарды жазу жағынан да, мән-мазмұны бойынша да адам құқығын көрсету мәселесінде стандартты емес, жаңа формалардың болуы;
  • Мәнерлілік: түрлі БАҚ-қа тән ерекшелікті авторлар кәсіби түрде пайдалануы тиіс;
  • Нәтиже: байқау материалдары қоғамдық пікір туғызуы, көтерілген проблемалардың қоғамда талқылануы да қажет;
  • Өзектілік: байқау материалдары Орталық Азия аймағындағы адам құқығы бойынша нақты мәселелерді көтеріп, негізгі проблемаларды айқындап, оны шешудің мүмкін жолдарын көрсетуі керек;
  • Аналитика: байқау материалдарында құқық қорғау проблемаларының аймақ елдерінің маңызды әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени байланысының көрсетілгені абзал;
  • Түсініктілік: байқау материалдары қарапайым стильде, аудиторияға түсінікті, айқын тілде жазылуы керек;
  • Шынайылылық: байқау материалдарында келтірілген сандар, фактілер мен басқа да мәліметтер расталған болуы қажет;
  • Объективтілік: байқау материалдары жан-жақтылық және байтарап негізде берілуі тиіс.

Байқау комиссиясының құрамына Орталық Азия елдерінің құқық қорғау ұйымдарының мүшелері, медиа сарапшылар және журналистер кіреді.

Қатысу шарттары:

Байқауға Орталық Азия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 30 қарашасы аралығында жарық көрген материалдар қабылданады.

Бір автордың немесе бірнеше автордың бір ғана жұмысы қабылданады.

Егер байқауға бірнеше автордың жұмысы жіберілсе, онда басқа авторлар жұмыс жөнілтілгенше ескертілуі тиіс, байқау ұйымдастырушылары авторлық құқық бойынша талас-тартысқа жауапты емес.

Байқауға жіберілген жұмыстарға рецензия берілмейді және қайтарылмайды.

Байқау ұйымдастырушылары келешекте байқауға жолданған жұмыстарды авторлыққа сілтеме жасау арқылы пайдалана алады.

Байқауға тақырыпқа сай емес ғылыми жарияланымдар, семинар, тренингтер, конференциялар мен дөңгелек үстел материалдары мен баяндамалар қатыстырылмайды

Байқауға қатысу тегін және автор еркімен жүзеге асырылады. Қатысушылар жасына шектеу қойылмайды. 

Байқау жұмыстары электронды түрде онлайн формада (https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdC31sqpa6yRg_n7bS_9vIiHGXvrmM9AiadEdbfwwV66l4EqQ/viewform)  тапсырылуы тиіс. Барлық материалдардың жарияланғаны туралы мәлімет болуы тиіс (газет немесе журнал көшірмесі, интернет ресурстың скриншоты, ТВ/радиоэфирге шыққанын растайтын, датасы мен уақыты көрсетілген эфир анықтамасы болуы тиіс). Ауди/видео жұмыстар файлауыстырғыштарға жүктелуі тиіс, сол арқылы оны тыңдауға, көруге не көшіруге мүмкіндік болуы керек, ал олардың сілтемесі өтінімде көрсетілуі қажет.

Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

Байқау қорытындысы 2018 жылдың 10 желтоқсанынан кеш шығарылмайды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ОА әрбір елінде, халықаралық адам құқығы күнінде БҰҰ адам құқығы жоғары комиссарының басқармасы ұйымдастыруымен өтеді.

Байқау ұйымдастырушылары жүлде қорын толық қолданбауға құқылы. Бұл байқауға жіберілген материалдардың саны мен сапасына байланысты. Егер қаражат үнемделген жағдайда, ол қосымша сыйлар беруге жұмсалады.

Қосымша ақпаратты мына сайттан таба аласыз: www.cabar.asia

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда соғыс пен бейбітшілікті көрсету институтының өкілдігіне электронды пошта арқылы жолдауға болады: jamilya@iwpr.net немесе мына тел. Арқылы: : (+996 312) 312 995, 313 411.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз