• Басты
  • >
  • 86 жасында саяси репрессия құрбаны ретінде танылған ақсақал

86 жасында саяси репрессия құрбаны ретінде танылған ақсақал

12.10.2018

86 жастағы ақсақал 1900 жылы туған Шаймерден Ықыласовтың ұлы. Әкесі 1937 жылы Қарағанды облысы бойынша НКВД жендеттерімен он жылға сотталған болатын. Өз жазасын танымал Кольский түбегіндегі ГУЛАГ-та өтеген.

1957 жылы НКВД-ның жазалау үштігінің шешімі жоққа шығарылып, әкесі ақталады. Яғни Шаймерден Ықыласовтың құқығы қалпына келтірілді.

2017 жылы Қарғанды қаласының Қазыбек би аудандық соты оның ұлы Жарылғаптың мәжбүрлі айдауда болып, өзін саяси репрессия құрбаны ретінде тану туралы өтінішін қанағатсыз қалдырады. Соттың шешіміне сай, Шаймерденовтың арызы толыққанды дәлелденбеген және қанағаттандыруға жатпайды.

Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін ақсақал Адам құқығы жөніндегі бюроның Алматыдағы кеңсесіне келді.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» заңына сай екі түрлі санаттағы адамдарды қарастыруға болады – саяси репрессия құрбандары және саяси репрессиядан зардап шеккен адамдар.

2018 жылдың 2-маусымында ҚР кейбір әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесіне қатысты заңдарына өзгеріс енгізу туралы шешіміне сай «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» заңға да өзгерістер енді. Яғни 4 баптағы «ата-анасыз қалған» деген сөз «ата-анасының бірінен айрылған» деген сөзбен алмастырылды.

Аталған заң нормасы дәл қазір азаматтардың өзін саяси репрессия құрбаны ретінде тануға құқық береді.

Біздің ұйым Бас прокуратураға арыз жазып, жоғарыда айтылған заңға сәйкес Шаймерденовтың ісін қайта қарап, оны саяси репрессия құрбаны ретінде тану туралы арыз жазды.

Бас прокуратура біздің арызымызға тез арада жауап қайтарып, істі Қарғанды облыстық прокуратурасына жібергенін хабарлады. Бір аптадан кейін Жарылғап Шаймерденовтың ақталып, саяси репрессия құрбаны ретінде танылғаны, анықтама алғаны туралы жауап алдық.   

 


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз