Орал соты Аслан Өтеповтің өтінішін тағы да қанағаттандырмады
  • Басты
  • >
  • Орал соты Аслан Өтеповтің өтінішін тағы да қанағаттандырмады

Орал соты Аслан Өтеповтің өтінішін тағы да қанағаттандырмады

04.09.2026

Орал соты қоғам белсендісі Аслан Өтеповтың өтінішін тағы да қанағаттандырусыз қалдырды. Ол жазасының қалған бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруды сұраған. Бұл туралы hronika.kz басылымы жазды.

Аслан Өтепов 2022 жылы желтоқсанда қамауға алынып, 2023 жылы мамырда 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Алаяқтық және пара беруге итермелеу баптары бойынша кінәлі деп танылған. Оған әкімдік қызметкерлеріне пара беру үшін Өтеповке ақша тапсырғандарын айтқан кәсіпкерлердің арыздары негіз болған.

Өтеповтің өзі мен жақтастары істің тапсырыспен жасалғанын айтып, оны қоғамдық жұмысымен байланыстырған.

Аслан Өтеповтің қоғамдық қызметі трамадол мен құрамында апиын бар басқа да препараттарды еркін сатуға қарсы күреспен байланысты болды. Қазір трамадол есірткі заттарының тізіміне енгізілген, оны заңсыз сатқаны үшін әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қоғам белсендісі тағайындалған жазасының үштен бірін өтегеннен кейін (қазіргі уақытта жазасының жартысынан көбін өтеді) жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыруды сұрап келеді.

Сот оның өтінішін бұған дейін де қанағаттандырусыз қалдырған. Оның барлық азаматтық талаптар бойынша берешегін өтегеніне және жазасын өтеу орнында тәртіптік жазалары болмағанына қарамастан (Өтепов Оралдағы РУ-170/2 мекемесінде жазасын өтеп жатыр), сот жазаны жеңілдетуден бас тартқан. Соттың пікірінше, өтелген талаптар мен колониядағы тәртіп бұзушылықтардың болмауы «оның түзелгенін білдірмейді».

Екінші рет іс Өтеповке колония әкімшілігі салған тәртіптік жазаға байланысты тоқтап қалды. Әкімшілік оны барактан өз бетінше шығып кеткені үшін жазалаған.

Бұл жолы Аслан Өтеповтің ешқандай тәртіптік жазасы болмаған. Ол жұмысқа орналасқан, колонияда өткізілетін іс-шараларға қатысқан, мекеме жанындағы колледжде білім алған. Осыған байланысты ол қайтадан өтініш берді. Өтінішті колония әкімшілігінің өкілдері де қолдап, оң мінездеме беріп, оның өтінішін қанағаттандыруды орынды екенін айтқан.

Алайда сотта прокурор қоғам белсендісінің жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыруға негіз жоқ деген уәжді алға тартқан. Оның пікірінше, сот өтініш берілгенге дейінгі кезеңді ғана емес, Өтеповтің жазасын өтеу мерзімінің барлығын қарауы тиіс. Осы кезеңде оның тәртіптік жазалары болған.

«Сот өтінішті қанағаттандырудан бас тартты, себебі сот шешімді тек ұсынылған материалдар, дәлелдер мен құжаттар негізінде қабылдайды. Іс материалдарында үш көтермелеу бар, соңғысы — 2025 жылы берілген. Сондай-ақ 2026 жылғы қаңтарда өтелген тәртіптік жаза бар. Одан кейін бірде-бір көтермелеу болмаған. Сонымен қатар мекеменің қаулысы бар, онда оның мінез-құлқының дәрежесі «мінез-құлық дәрежесі жоқ» деп көрсетілген. Мінез-құлық дәрежесі сотталған адамның тәртібін бағалау үшін беріледі. Осы жағдайларды ескере отырып, сот өтінішті қанағаттандыруға негіз таппады», — деген өзі шешімінде істі қараған судья Сабыржан Есжанов.

Колонияда болған уақыт ішінде Аслан Өтепов түрлі мемлекеттік органдарға екі жүзден астам өтініш пен шағым жолдаған. Олардың басым бөлігі қараусыз қалған.