Белсенді Айжан Мамешова «Жанұя» балалар үйіндегі заңсыздықтарды әшкере еткені үшін қылмыстық жазаға тартылып жатыр деп санайды оның қорғаушылары
Адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық Бюросында баспасөз мәслихаты өтіп, онда үйқамақта отырған белсенді Айжан Мамешованың мәселесі көтерілді.
Мамешованы «Жанұя» балалар үйінің директоры айыптап, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы бойынша («Жалған мәлімет тарату») қылмыстық іс қозғалды. Жиынға қатысқан оның қорғаушысы Ғалым Нұрпейісов те, заңгерлер Серик Абишев пен Ерлан Қалиев те, балалар үйінің бұрынғы тәрбиленушісі Сергей Миленький де бұл айыптың негізсіз екенін айтады.
Алдымен сөз алған қорғаушы Ғалым Нұрпейісов былай деді: «Бұл тек қана адам құқығын өрескел бұзуды көрсететін іс емес. Жемқорлықтың та исі мүңкіп тұр бұл жағдайдан. Алты жылдан бері Айжан Мамешова жүйелі түрді қаржылық былықтарды әшкерелеп отырды. Мәселе «Жанұя» балалар үйіне қатысты болып отыр. Қаржылық заңбұзушылықтан бөлек, Мамешова балалардың құқығы қалай бұзылып жатқанын да жеткізіп отырды. Осыдан кейін қолында билігі бар бір топ адам Айжан Мамешованы қылмыстық жауапкершілікке тартуды қолға алды. Бұлар нағыз қылмыскерлер деп санаймын. Қазіргі таңда Мамешова үйқамақта отыр. Тергеу аяқталды. Іс прокуратурада жатыр бүгіндері. Менің жолдаған барлық шағымдарыма құзырлы органдар жөнді жауап бермей отыр. Оған қандай айып тағып отыр? «Жалған ақпарат таратты» дейді. Яғни 274 бапты іліп отыр. Бұл не деген сөз? Өтірік, мүлде болмаған ақпарат тарату қылмысы. Әрине, егер ондай жалған мәлімет таратылса, бұл қоғамға қатер төндіреді. Бірақ, Мамешова ондай әрекетке бармады. Оның әр сөзін дәлелдейтін құжаттар бар. Керісінше, Мамешова таратқан мәліметке сәйкес, қаржы жымқырғандарды қылмыстық жазаға тарту керек еді. Одан кейін зорлау қылмысы болды деді. Мұның да дәлелі бар. Ресми түрде сот материалдары бар істе. Мұны жасаған адам жазаға тартылды. Одан бөлек, қаржы жымқыруға қатысты аудиторлық материалдар бар. Барлық дәлел қолымызда тұр».
Айжан Мамешованың қорғаушысы басқа да құжаттарды көтеріп, оның жалған мәлімет таратпағанын ашық айтты. Олай болса, не себепті қылмыстық іс қозғалды? Мәселе осында.
Ғалым Нұрпейісовтың айтуынша, Мамешованың сөздеріне қатысты сараптама жасалды. Оның қорытындысына сәйкес, Мамешова тек өз ойын білдірген, яғни, нақты жалған мәлімет тарату жағдайы болмады.
«Бұл не себепті жасалып отыр? Мемлекеттік шенеуніктер ұрлығын жасырғысы келіп отыр ма? Әлде балалар үйіндегі былықты жабудың жолы ма? Бұған нақты жауабым жоқ. Бірақ, Мамешованың ешқандай кінәсі жоқ екені анық. Қолдан келгенше, оның кінәсіздігін дәлелдеуге тырысамыз».
Осыдан кейін заңгер Серік Абишевсқйледі. Ол мынаған тоқталды: «Айжан Мамешованы ұстаған кезде түрлі заңсыздықтар орын алды. Бұған қатысты прокуратураға арыз жазып, оның заңдылығын тексеруді талап еттім. Айжанды ұстаған кездің өзінде көптеген заңға қайшы дүниелер болды. Ол баспасөз мәслихатына бара жатқан кезде ұсталды. Жиында қалалық білім беру басқармасының шикіліктерін ашуы тиіс еді.
Мына нәрсеге назар аударғым келеді. Айжан Мамешованы таңғы 8-де ұстады. Бірақ, ұстағаны туралы хаттама кешкі 8-30 уақытымен толтырылған. Осының өзі заңсыздық емес пе?
Айжан Мамешова 274 бапқа қатысты ешқандай да қылмыс жасамады. Істің негізі жоқ. Не үшін қылмыстық іс қозғап отыр онда? Айжанның барлық сөздеріне дәлел бар. Ол қаржы жымқыруға қатыты мәліметтерді жариялады. Оның бәрі іс материалдарында бар. Яғни, дәлелденген дүние. Егер Мамешова көрі тұрған қылмысты айтпағанда, «Қылмыс жасыру» бабымен сотталу керек еді. Ал ол бәрін ашық айтты. Мемлекет оған алғысын айтпай ма? Құзырлы органдар жемқорлықты әшкереген адамға қолдауын көрсетпей ме?»
Сонымен бірге, заңгер Абишев Бас прокуратураға арыз жазғанын айтады. Бірақ, Бас прокуратура істі өзі қарамай, Алматы қалалық прокуратурасына жолдады. Олар өз өздеріне қатысты шағымды қалай қарайды? Осының өзі заңсыздық емес пе? Мұны Айжан Мамешованың заңгері ашық айтып отыр. Заңгер Абишев Мамешоваға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды, оны ұстаған кезде болған заңсыздықтарға байланысты қызметтік тергеу жүргізуді талап етіп отыр.
Сергей Миленький, «Жанұя» балалар үйінің бұрынғы тәрбиленушісі мынаны айтты: «1998 жылы менің анам қайтыс болып, «Жанұя» балалар үйіне жіберді. Одан кейін, кәмелеттік жасқа толып шыққан соң, пәтер сұрадым. «Жанұяға» барып, қолдау сұрадым. Олар ешқандай көмек бере алмайтынын айтты. Айжан Мамешова маған барлық арыздарды жазуға көмектесті. Қолдау көрсетті. Менің ғана емес, басқа да азаматтарға жәрдем берді. 25 жыл болды, өз үйім жоқ. Отбасылы болдым. Жұмыс жасаймын. Әлі пәтерде жүрмін. Айжан Мамешова біздің құқығымызды қорғайды. Қаншама адамға қолдау көрсетті. Ол ешқандай да қылмыскер емес»
Ерлан Калиев те Мамешованың заңсыз жазаға тартылып отырғанына тоқталды: «Айжан Мамешованы биыл мамыр айынан бастап азаматтық істе қорғай бастадым. Оны жақсы білемін. Айжанның төрт бірдей дипломы бар, шет тілін жақсы біледі. Өте білімді азаматша. Жайдан жай сөйлемейді, әр сөзіне құжаттары бар. Айжан Мамешова қылмыс жасады деуге еш негіз жоқ. Оған тағылып отырған айыптың дәлелі табылды деп айта алмаймын. Онда неге қылмыстық жазаға тартады? Азаматтық іс бойынша қорғаған кезде оның ісінің тазалығына көз жеткіздім».
Жиналғандар Мамешованы қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оның айтқан мәліметтерін жіті тексеруге шақырды құзырлы органдарды.
