• Басты
  • >
  • Сенат халықаралық ұйымдар сынаған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат халықаралық ұйымдар сынаған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

30.04.2020

Сәуірдің 30-ы күні парламенттің жоғары палатасы «бейбіт жиын туралы» заң жобасын қарап, мақұлдады.

Заң жобасы туралы баяндама жасаған ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев “қарама-қайшы пікір көп болды, сын-ескертпенің бәрі ескеріліп, заң жобасына айтарлықтай өзгеріс енгізілді” деді.

Сенат депутаты, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінің мүшесі Сәрсембай Еңсегенов 1995 жылы қабылданған “Бейбіт жиын туралы” заңның халықаралық қауымдастық және азаматтық қоғам өкілдері тарапынан сынға ұшырағанын айтып, жаңа заң жобасы “ондағы кемшіліктерді түзеуге бағытталған” айтты.

8 сәуірде заң жобасын мәжіліс мақұлдап, сенатқа жіберген. Оған дейін құқық қорғаушылар, азаматтық қоғам өкілдері, халықаралық ұйымдар билікті «Бейбіт жиын туралы» заң жобасын қарауды коронавирус пандемиясы кезінде кейінге қалдыруға шақырған. Хельсинки комитеті (Norwegian Helsinki Committee) және ЕҚЫҰ аймағындағы 24 құқық қорғау ұйымы “билік заң жобасын өткізу үшін пандемияны пайдаланды” деп айыптап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған. Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы да төтенше жағдай кезінде халықтың заң жобасына қатысу мүмкіндігі жоғын айтып, заң жобасын талқылауды кейінге қалдыруға шақырған.