• Басты
  • >
  • ZhasCamp жаңа маусымын ашты!

ZhasCamp жаңа маусымын ашты!

18.08.2020

Қоғамдық мәселелерді шешу идеяларың пайда болды ма? Қала, облыс, тіпті бүкіл ел тұрғындарының өмірін қалай жақсартуға болатынын білесің бе? Мүмкін қоғамды дамыта түсетін өз әлеуметтік жобаң бар шығар?

Бар күшімізді біріктіріп, сарапшылармен және менторлармен қосылып сенің идеяңды не жобаңды дамытуды ұсынамыз.

Қызық па? Онда ZhasCamp Pitching-ке қатысу үшін өтініш жібер. Тіркеу бүгіннен бастап 2020 жылдың 24 тамызына дейін жалғасады. Жобаны қазақша да, орысша да таныстыра аласыз. Ұсынатын идеяңыздың өзекті болуы әрі нақты нәтиже әкелуі маңызды. Питчинг нәтижесінде 20 финалист

ZhasCamp Hackathon-ға өтеді. Онда әлеуметтік кәсіпкерлер, маркетологтар, PR-мамандар, техникалық сарапшылар, құқық қорғаушылар және тағы басқалар қатысушыларға көмектеседі.

Тіркелу сілтемесі: https://taplink.cc/zhascamp_kz.

Байланыс үшін:
+ 7 707 401 43 79
zhascamp@gmail.com

Жобаны Сорос-Қазақстан қорының және Фридрих Эберт атындағы қордың қолдауымен Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі жүзеге асыруда. @misk_kz.

Ақпараттық серіктестер:

Impact Hub Almaty (@ihubalmaty)
Starttime (@starttime.kz),
www.and.kz (@and.kz),
«18+Идея» (@18plusidea.kz)
YouTube show “1+1” (Динара Наумова @naumova__dinara.

#мүмкіндіктер #қоғам  #даму #идялар  #жаса #cтартап #ZhasCamp #ZhasCamp2020


Сондай-ақ қараңыз