АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Қазақстан билігі төтенше жағдайды өзінің қарсыластарын қудалауға пайдалануды тоқтатуы тиіс

Қазақстан билігі төтенше жағдайды өзінің қарсыластарын қудалауға пайдалануды тоқтатуы тиіс

22.04.2020

МӘЛІМДЕМЕ

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау Қазақстан халықаралық бюросы төтенше жағдай кезінде БҰҰ ұсыныстары бұзылмауы керек деп мәлімдейді. 

Сәуірдің 18-і күні Алматы және Қарағанды қаласында Әлнұр Ильяшев және Арман Шораев есімді екі белгілі қоғам қайраткері ұсталып, қамауға алынды. Екеуіне де ҚР ҚК 274 бабының 4-тармағы (көрінеу жалған ақпарат тарату) айыбы тағылған. Бұған қоса, Шораевты қамауға алу жөніндегі сот отырысы жабық есік жағдайында өткен. 

Қолда бар шешімге бойынша, күдікті Әлнұр Ильяшевты «You Tube желісіндегі «Бәсе» арнасында қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында ҚР билігін сынап, орындарынан кетуді талап етіп, «Нұр Отан» партиясын алаяқтар мен ұрылардың партиясы» деп атағаны үшін жауапқа тартқан. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл «Нұр Отан» партиясының жұмысын жағымсыз бағалауға жатады. Яғни Әлнұр Ильяшевті елдегі партиялардың біріне қатысты пікірін айтқаны үшін жазаламақ. Осылайша, Кеңес Одағынан кейін, саяси партия туралы сыни пікір айту ауыр қылмыс болып саналып отыр. 

Бұған дейін, бейнежазба авторының үстінен кем дегенде екі қылмыстық іс қозғалған. Наурыз айының соңында алматылық Диас Молдалимовтың (бейнежазбада билік өкілдеріне сұрақ жолдағаны үшін) дәл осы 274 баптың 4-тармағы бойынша қудаланып жатқаны белгілі болды. Сәуірдің 12-і күні Қарағандыда экс-президент Назарбаевтың отбасын сынағаны үшін Арман Хасенов ұсталды. Оған қандай бап бойынша айып тағылғаны жөнінде ақпарат жоқ. Алматыда 17 сәуірде Данай Қалиеваның үстінен қозғалған сот процесі басталды. Оған «Facebook» желісіндегі бейнесюжетте билік өкіліне тіл тигізді» деген айып тағылған. 

Соңғы айларда әртүрлі аймақтарда ондаған азаматтық белсенді, блогер және болып жатқан дүниеге бейжай қарамайтын азаматтардың үстінен жаппай әкімшілік, қылмыстық істер қозғау науқаны басталды. 

Саяси қудалаулар ресурсындағы әкімшілік және қылмыстық баптардың қатарына жаңалары қосылды: 

478 бап (Төтенше жағдай кезінде құқық бұзуға итермелеу әрекеттері)

476 бап (Төтенше жағдай режимін бұзу)

274 бап (Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату)

Бұған қоса, азаматтық қоғам өкілдерін қорқытуға арналған өзге де тәсілдер сақталуда: полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбау және оларға тіл тигізу, тіркелмеген қоғамдық бірлестік құрамында болу, бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу және т.б. Бұдан бөлек, қорқыту, физикалық күш қолдану, психиатриялық жазалауларды пайдалану жалғасуда. 

Біз Ильяшев пен Шораевтың ұсталуы және өзге де сыни мәлімдемелер мен бейнежазба авторларының қудалануы төтенше жағдай кезіндегі репрессияның жаңа толқынының басы деп қауіптенеміз. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан сияқты мемлекеттерді короновирус пандемиясын азаматтық құқық пен бостандықты, өзге ойды басып-жаншуға пайдаланбауға шақырды. 

«COVID-19  байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде құқықтық мақсаттар өзге ойды басып-жаншуға, құқық қорғаушылар мен журналистер жұмысына кедергі келтіру үшін емес, денсаулық сақтау саласына бағытталуы тиіс», – делінген БҰҰ-ның COVID-19  күрес басшылығында. БҰҰ сарапшылары кейбір мемлекеттер мен арнайы қызмет пандемияны шамадан тыс құқық пен бостандықты шектеуге пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді. 

«COVID-19  – біздің қоғамның, мемлекеттеріміздің, қауымдастық пен әр адамның жеке басының сынағы», – делінген БҰҰ мәлімдемесінде.


Пікір үстеу