АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Түркістан облысында балаларын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында балаларын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

05.10.2020

Түркістан облысы полиция басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта аталмыш оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 110 бабының 2-бөлігіне (Азаптау) сәйкес тіркеуге алынған. Осы күні күдіктінің әйелі балаларын күйеуі ұрып-соққаны жөнінде арыз жазған. Кейіннен полиция күдікті азаматты ұстаған. Учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру басталған.

Ерлі-зайыптылар 2011 жылы үйленген. Күйеуіннен жәбір көрген әйел адам бұған дейін де бірнеше рет полицияға шағымданған. Бірақ ол кезде әкімшілік іс оның күйеуіне кешірім беруіне байланысты тоқтаған.

Қазанның 4-і күні әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның кәмелеттік жасқа толмаған баланы соққыға жығып жатқаны бейнеленген видеоролик тараған. Ол желіде қызу талқыланған.