АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Трансгендерді зорлады деген айыппен ҰҚК экс-қызметкері сотталды

Трансгендерді зорлады деген айыппен ҰҚК экс-қызметкері сотталды

07.10.2020

Қазан айының 6-ы күні Алматы облысының Іле аудандық соты түрмедегі трансгендер әйел Виктория Берікқожаеваны зорлау ісі бойынша үкім шығарды. Сот шешіміне сәйкес, ҰҚК бұрынғы қызметкері С.А «жыныстық зорлық-зомбылық жасау», «азаптау» айыптары бойынша кінәлі деп танылып, бес жарым жылға түрме жазасына кесілді.

Бұдан бөлек, сот айыпталушыны мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және майор шенінен айырды.

Жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова соттан кейін журналистерге берген сұхбатында «сот шешімімен келісетінін, бірақ бес жарым жыл жаза аз екенін, сондықтан алдағы уақытта шағым түсіретінін» айтты.

Берікқожаеваны зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс 2019 жылы жазда қозғалған. Күзде “азаптау” айыбы да қосылды. Қазанда ҰҚК экс-қызметкері қамауға алынды.

Виктория Берікқожаева – трансгендер әйел. 2016 жылы ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен ұсталып бір жылдан соң жеті жылға сотталған. Ол кездегі құжатта ер адам деп көрсетілді, кейіннен дәрігер консультациясынан кейін бір-ақ оны әйелдер камерасына қамады.


Сондай-ақ қараңыз