АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Сот "субботаж" үшін жазаланған азаматтардың шағымын қанағаттандырмады

Сот “субботаж” үшін жазаланған азаматтардың шағымын қанағаттандырмады

10.07.2020

Алматы қалалық соты 9 шілдеде 65 жастағы зейнеткер әрі үшінші топтағы мүгедек Сағидолла Ақаевқа 13 маусымда қала орталығында “субботаж” шеруіне шыққаны үшін 21 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (АЕК) айыппұл салу туралы әкімшілік соттың шешімін күшінде қалдырды. Бұл туралы оның адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.

Адвокаттың сөзінше, бұған дейін әкімшілік сот Ақаевқа “құқық бұзғаны” үшін 30 АЕК көлемінде (1 АЕК = 2778 теңге) айыппұл салмақ болған, бірақ зейнеткердің жасы мен мүгедектігін ескеріп, айыппұл мөлшерін 30 пайызға – 53 338 мың теңгеге (шамамен 130 доллар) дейін азайтқан. Сот шешіміне сай, зейнеткер айыппұлды 8 тамыздан кешіктірмей төлеуі тиіс.

Бейсенбі күні Алматы соты тағы екі адамның – бес тәулікке әкімшілік қамау жазасын алға 44 жастағы Абайбек Сұлтанов пен 15 тәулікке қамалған 55 жастағы Ноян Рақымжановтың да апелляция шағымдарын қарады.

Бұл екі азаматқа осыған дейін сот әкімшілік қамау жазасын кескен. Бірінші жолы (әрқайсысы 15 күннен) 13 маусымдағы “субботаж” үшін, ал екінші жолы 6 маусымда Алматыдағы Ганди саябағында өткен наразылық акциясына қатысқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Соттың екінші шешімі белсенділер қамауда отырған кезде шыққандықтан, Рақымжановтың жиынтық жаза мерзімі 28 тәулік, Сұлтановтыкі – 19 тәулік болған.


Сондай-ақ қараңыз