• Басты
  • >
  • Шарасыздық: Зейнеткер 14 күннен бері аштық жариялауда

Шарасыздық: Зейнеткер 14 күннен бері аштық жариялауда

30.06.2020

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шаған ауылының 64 жастағы тұрғыны Ақылбай Бақытхан 14 күннен бері аштық жариялауда. Ол өзіңнің бұндай қадамға баруын «биліктегі жемқорлық пен әділетсіздікке қарсылық» деп түсіндіреді.

«Мен биліктегі жемқорлықты тоқтатуды талап етемін. Ол миға сыймайтын деңгейге жетті. Менің 30 соттық жерім болды, оны билік ешқандай тергеусіз, сотсыз тартып алды. Елде мал бағатын, жұмыс істейтін жер жоқ. Шенеуніктердің халыққа жұмыс істеуін талап етемін. Жемқорлардың барлығын жауапқа тарту қажет», – дейді Бақытхан.

Бұдан бөлек, Ақылбай Бақытхан 250 гектар жайылымдық жерін қайтарып беруді, төрт рет қастандықпен жасалған өрт, ұрланған малдары үшін әкімдік, ішкі істер бөлімі және прокуратураның жауап беруін талап етеді. Атап айтқанда, ол полиция мойоры Иса Төлендіні тапсырма орындаушы деп есептейді.

Ақылбай Бақытхан Тәуелсіздік алған уақыттан бері ауыл мәселелерін айтып келеді. Ол ұзақ жылдар бойы «Бірлсеу» газетінде қызмет атқарған.


Сондай-ақ қараңыз