• Басты
  • >
  • "Саяси тұтқын" Макс Боқаев бостандыққа шықты

“Саяси тұтқын” Макс Боқаев бостандыққа шықты

04.02.2021

Бүгін Атыраудағы УГ-157/9 түзету мекемесінен белсенді Макс Боқаев бостандыққа шықты. 2016 жылы жер митингісінен кейін 5 жылға сотталған саяси белсендіні түрме алдында жақтастары мен БАҚ өкілдері күтіп алды.

Макс Боқаев түрме алдында сөйлеген сөзінде «халықтың қолдауы болмаса, мені түрмеде сындырып жіберер еді» деді.

«Егерде халықтың қолдауы болмағанда мені сындырып, жоқ қылып жіберер еді. Халықтың қолдауы болмағанда менің сүйегімді де таба алмайтын едіңіздер. Алғысымды білдірейін деп едім, рақмет халайық… Назарбаев тақтан кетсе де, алып бара жатқан өзгеріс жоқ. Маған тыйым салса да, ары қарай қоғамдық жұмыспен айналыса беремін. Менің ұсынысым, 28 ақпанда, жексембі күні митинг ұйымдастыру. Өзім барамын сонда. Бүкіл Қазақстан 28 ақпанда шығайық. Одан кейін 7 наурыз, 14 наурыз, 21 наурыз әр жексенбі шығайық. Егер үкімет ақылға келмесе, біздің талаптарымызды тыңдамаса, онда 3 сәуірден бастап алаңдарда шатыр тігіп отырамыз», – деді Боқаев.

Бұдан бөлек, Макс Боқаев биліктің құрамына байланысты өз ұсынысын айтты. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты зейнетке, Дариға Назарбаеваны Лондонға, Әкежан Қажыгелдин мен Мұхтар Әбілязовты Астанаға, Бергей Рысқалиевті Атырауға, Демокаратиялық партияны мәжіліске жіберуді ұсынды.


Сондай-ақ қараңыз