АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Сот белсенді Санавар Закированы бір жылға бас бостандығынан айырды

Сот белсенді Санавар Закированы бір жылға бас бостандығынан айырды

15.07.2020

Белсенді Санавар Закирова бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы қаласының Медеу аудандық соты белсенді Санавар Закированы бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкімді судья Залина Махарадзе шығарды. Сот белсендіні Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-тармағы, 5-тармақшасы бойынша кінәлі деп таныды. Оған Д.Ш есімді азаматтың «денсаулығына бұзақылық ниетпен зиян келтіру» айыбы тағылған.

Үкім күшіне енгенге дейін Санавар Закирова (ЛА-155/18 мекемесінде) тергеу изоляторында ұсталады. Жаза мерзімі белсендінің қамауға алынған күннен бастап есептеледі. Сот шешімі бойынша, Закирова жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді.

Сот процесі онлайн түрде өтті. Санавар Закиорваның өзі тағылған айыппен келіспейтінін және сот үкіміне қарсы шағым түсіретінін айтты.

Санавар Закирова бұған дейін әлеуметтік желілерде “Нұр Отан” партиясын сынайтын жазбалар жариялаған. Жазбаларында ол «билік партиясы белсенділердің саяси ұйым құруына кедергі келтіріп отыр» деп мәлімдеген. Өткен жылдың қарашасында сот Закирова мен оның екі серіктесінен “Нұр Отан” партиясының төрт мүшесінің пайдасына алты миллион теңге өндіру туралы үкім шығарды. Ол кезде “Нұр Отан” партиясы үш белсендіні “жалған ақпарат таратып, іскерлік беделіне нұқсан келтірді” деп айыптап, 20 миллион теңге моральдық шығын талап еткен.


Сондай-ақ қараңыз