АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Дулат Ағаділдің асына қатысқан белсенділерді қамау жалғасуда

Дулат Ағаділдің асына қатысқан белсенділерді қамау жалғасуда

03.09.2020

Тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған Дулат Ағаділдің асына қатысқан белсенділерді қамау жалғасуда.

Шілде айының 24-і мен тамыздың 8-і күндері Дулат Ағаділдің асына қатысып, марқұмның Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылындағы үйінен белсенді жерленген зиратқа дейін ұйымдастырылған шеруге қатысқаны үшін Түркістан облысының тұрғындары Асылжан Асабаев, Мұрат Байдәулетов және Нышанәлі Ағаділов «бейбіт митинг ережесін бұзды» деген айыппен 10 тәулікке қамалды.

Сот отырысы 28-29 тамыз күндері болған. Белсенділерді Ақмола облысы Целиноград аудандық соты соттаған. Процесс онлайн режимде өткен.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Семей, Ақтау, Ақтөбе, Атырау қалаларында елуге жуық белсенді 10 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамауға жабылған. Жиырмаға жуық адамға әртүрлі мөлшерде айыппұл салынған. Олардың барлығына «заңсыз митингке қатысты» деген айып тағылған.


Сондай-ақ қараңыз