АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Ахметовтың асына бара жатқан Демпартия жақтастарын полиция ұстады

Ахметовтың асына бара жатқан Демпартия жақтастарын полиция ұстады

21.08.2020

Ахметовтың асына бара жатқан Демпартия жақтастарын полиция ұстады.

Ащысай ауылында кісі қолынан қаза болған Нұрлан Ахметовтың асына бара жатқан Демократиялық партия бастамашыл топ өкілдері Абзал Достияров, Нұрлан Бұланбаев және Мақсат Ізбасаровты полиция ұстады.

Белсенді Сағидолла Мергенбаевтың сөзінше, оған Мақсат Ізбасаров телефон соғып, өздерін полиция ұстап, Есік қаласына алып бара жатқанын айтқан.

«Маған Мақсат (Ізбасаров – ред) хабарласып, полиция Есік қаласына алып бара жатқанын айтты. Сосын біз мына жерден жүрген әкім, прокурорға талап қойып, жігіттерді босату жөнінде талап қойдық.  Содан ана жақтан «босатты» деген хабар келді. Бірақ жігіттердің өзіне хабарлассам телефондарын көтермей жатыр… Олар Нұрлан Ахмтовтың асына келе жатқан. Көңіл айту деген біздің салтымызда бар нәрсе ғой», – деді Мергенбаев.

Осыдан біраз уақыт бұрын (ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда қайтыс болған) белсенді Дулат Ағаділдің асына бармақ болған белсенділер ұсталып, қамауға алынған.

Тамыздың 14-і күні Ащысай ауылында жергілікті тұрғын Нұрлан Ахметов кісі қолынан көз жұмған. Оны тоғыз жерден пышақтап кеткен. Туыстары Нұрланның өлімін 2007 жылы Бәйдібек би ауылында болған қазақ-шешен қақтығысымен байланыстырады. Ахметовқа бұған дейін де бірнеше рет қастандық жасалған.