• Басты
  • >
  • Сот Әлнұр Ильяшевтің шағымын қанағаттандырмады

Сот Әлнұр Ильяшевтің шағымын қанағаттандырмады

15.09.2020

Қыркүйектің 15-і күні Алматы қалалық соты «төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты» деп айыпталып, 3 жылға жылға бас бостандығы шектелген саяси белсенді Әлнұр Ильяшевтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Үкім шығарған сот алғасының құрамында Бектемірова, Қияқова және Сәкенова кірді. Олар Ильяшевқа тағылған айып толықтай дәлелденгенін, оның жазбалары коронавирус пандемиясы кезінде адамдарға теріс ықпал еткенін айтып, кінәлі деген қорытындыға келген. Ал қорғаушы тараптан куәгер болған Әсем Жәпішева, Әсет Наурызбаев және Аида Әлжанова Әлнұр Ильяшевтың жазбаларында ешқандай заң бұзушылық болған жоқ деп есептейді.  

Сотта Ильяшевті адвокаттар Виталий Воронов, Нұрлан Рақымов және Тайыр Назханов қорғады.