• Басты
  • >
  • Еуропарламент Қазақстанға қатысты резолюция қабылдады

Еуропарламент Қазақстанға қатысты резолюция қабылдады

12.02.2021

Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы саяси жағдайды қатаң сынап, санкция енгізуді ұсынды.  

Еуропарламент пленарлық отырысында «Қазақстандағы адам құқықтары мәселесіне қатысты» арнайы резолюция қабылдады. Онда соңғы уақыттар тәуелсіз ұйымдар мен саяси белсенділерге қысымның күшейгені, 10 қаңтарда өткен парламент сайлауында сайлау және сайлану құқығы болмағаны жөнінде айтылған.

«Көше партиясы» және «ҚДТ» оппозициялық ұйымдарына құпия сот шешімдері негізінде тиым салынып, оларға «экстремистік ұйымдар» жаласы жабылған. Екі ұйымға қатысты сот шешімдеріне арыздану мүмкіндігі жоқ», – делінген резолюцияда.

Еуропарламент қабылдаған құжатта «Көше партиясы» мен «ҚДТ»-ға қатысы бар деп айыпталып, сотталған 26 адамның аты аталған. Олардың ішінде Алмат Жұмағұлов, Әсет Әбішев, Кенжебек Әбішев, Асхат Жексебаев, Қайрат Қылышев, Ербол Есхожин, Абай Бегімбетов, Еркін Сабаншиев және т.б бар.

Резолюцияда тіркелмеген оппозициялық «Демократиялық партия» жөнінде де айтылған.

«Тіркелмеген оппозициялық «Демократиялық партияға» сайлауға қатысуға мүмкіндік берілмеді. Алматыда 2020 жылдың 22 ақпанында билік олардың партия құрылтайын өткізуіне кедергі жасады. «Демократиялық партия» биліктің қысымына ұшырап, кейбір мүшелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейбіріне құрылтайға келуге мүмкіндік берілмеді», – делінген құжатта.  

Бұдан бөлек, Еупопарламент депутаттары 2020 жылы тереу изоляторында жұмбақ жағдайда қайтыс болған белсенді Дулат Ағаділдің қазасы мен ұлы Жанболат Ағаділдің өлімін тексеру мәселесін көтерді.

Резолюцияны қабылдауға 693 депутат қатысып, оның 598-қолдап, 43-қарсы, 52-қалыс қалған. Бұл 2009 жылдан бері Еуропалманеттің Қазақстанға қатысты қабылдаған 5 резолюциясы.


Сондай-ақ қараңыз