• Басты
  • >
  • Қазақ репатрианттарына көмек көрсететін ұйымның жетекшісіне қылмыстық іс қозғалды

Қазақ репатрианттарына көмек көрсететін ұйымның жетекшісіне қылмыстық іс қозғалды

08.02.2019

Әзірше оны бір рет тергеу амалдарына шақырған.

Серікжан Біләш – Қытайдан Қазақстанға оралған этникалық қазақ. Оның «Атажұрт» ұйымы (Алматыда орналасқан) Қазақстанға оралған қандастарымызға көмек көрсетеді. Соңғы кездері олардың жұмысының негізгі бағыты Қытайдағы этникалық қазақтардың жағдайына байланысты болды. Ең танымал істері, соның ішінде «Атажұрт» қолдауына байланысты қоғамда резонанс тудырған Сайрагүл Сауытбай ісі болды. Оны қазақстандық шегараны заңсыз кесіп өткені үшін соттады. Қазіргі таңда Сауытбай «пана іздеуші тұлға» мәртебесінде жүр (оның мәртебесі 2019 жылдың 25 сәуіріне дейін созылды).

Бұған ұқсас айыптармен 2017 жылы «Общество молодых профессионалов «Справедливость» ұйымының басшысы Олеся Халабузарь екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген еді. Оны да араздық қоздырды деп айыптады. Бар кінәсі – кеңсесінде тінту кезінде Қытайға қарсы үнпарақтар табылды-мыс. Бұл ұйым мен оның басшысы шетелдіктерге жер сатуды көздеген жер реформасына қарсылық білдірген еді.

Сонымен бірге, Серікжан Біләштің хабарлауынша, дәл қазір Ташкент әуежайында елден шығып кеткен, Қытай азаматы – этникалық қазақ отыр. Біләштің сөзінше, Қытай елшілігі оны елдеріне кері қайтарудың барлық амалдарын жасауда. Бұл жағдайда оны ұзақ мерзімге түрмеге қамауы мүмкін.

Әуежайда оның аудармашысы бар. Телефоны:  +998977255506


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз