• Басты
  • >
  • Қызылордада билікті сынаған әйелді полиция ұстады

Қызылордада билікті сынаған әйелді полиция ұстады

01.04.2020

1 сәуірде жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 16:00 шамасында Қызылордада облыстық әкімдік алдында өлең оқыған әйелді полиция ұстап әкетті.

Ақжан Ноғаева есімді әйел полиция ұстамай тұрып әкімдік алдында әуелі төтенше жағдай кезінде балаларын қашықтан оқыту мәселесіне алаңдайтынын жеткізген. Бұдан соң бұрынғы президент “Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған” өлеңін оқыды. Өлеңде әйел Назарбаевтың 30 жылдық билігін сынап, халықтың жағдайы нашар күйде қалғанын айтты.

Сәлден соң полиция қызметкерлері келіп әйелді “карантин шарттарын бұзды” деп айыптап, ұстап әкетті. Олар аты-жөндерін айтқан жоқ. Ақжан Ноғаеваны полицияның нақты қай бөліміне әкеткені белгісіз.

Қазақстанды соңғы отыз жылға жуық уақыт үздіксіз басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы наурыз айында президенттіктен кеткен, бірақ ол “Нұр Отан” партиясы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде билікте қалған еді. Ол жақында коронавирус қаупі туралы айтып, халықты қаржы жинап, мемлекетке көмектесуге шақырды. Оның ұсынысын кейбір сарапшылар сынады.

КӨЗІ:

https://www.azattyq.org/a/30522129.html


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз